Талдықорған қаласы жалпы транзиттік торапта орналасқан

9

Бәрімізге мәлім, Талдықорған қаласы жалпы транзиттік торапта орналасқан.  Талдықорған қаласы арқылы әртүрлі туристік жерлерге туристер барады.

Сондай-ақ, мысалы, Алакөлге, Балқашқа, Панфилов ауданындағы біраз туристік нысандарға «Қапал-Арасан» шипажайы, Тамшыбұлақ сияқты әр түрлі жерлерге баруға болады.

Осы туристердің жайлы орналасуы үшін біздің Талдықорғанда 31 Қонақ үй мен Хостелдер бар. Ол жерде 631 орын белгіленген. Өткен жылы, осы қызмет түрінен Талдықорған қаласының бюджетіне 714 млн.теңге қаражат түсті.

Өзіміздің қаламыздың нысандарын айта кетсек. Мысалы, М.Тынышбаев атындағы өлкетану тарихи музейі, Ә.Қастеев атындағы көркем-сурет галереясы бар.

Сол сияқты, жаңадан спорттық нысандар ашылып жатыр. Жақын арада біздің қаламызда Үстел теннисі орталығы мен Волейбол спорт кешені ашылып ел игілігіне берілген болатын.

Талдықорған қаласында тағы да біраз нысандар ашылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, саябақтарымыз гүлденіп, жасылданып келеді.

Талдықорған қаласының қонағы болыңыздар! Келіңіздер, сіздерді қуана күтеміз!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз