Ұлттық жоба аясында 27 зауыт салынады

10

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасына қай өндірістің өнімдері пайдаланылатынын айтты.

Вице-премьердің сөзінше, Энергетика және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба екі негізгі блоктан тұрады. Біріншісі — алдағы бес жыл ішінде 7 300 мегаватқа жуық қамтамасыз етіп, генерациялау. Оған 6 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалуда. Біз осы уақытқа дейін 6,4 трлн теңгені таргеттеп жатырмыз.

Жобаның екінші бөлігі — коммуналдық желілерді жаңғырту. Мұндағы инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 6,8 триллион теңге болады. 10 пайыз көлемінде құбылуы да мүмкін. Ол ақшаға 86 мың шақырым коммуналдық желіні жаңартып, жаңғырту және дамыту қажет.

— Сонымен қатар ел ішіндегі өндірістің мүмкіндіктері барынша пайдалану туралы жоспар бар. Инфрақұрылымғка үлкен қаражат салғандықтан, оффтейк-келісімшарттар аясында жұмыс істеп тұрған өндірістерді 100% жүктеуді көздеп отырмыз.

Ал өзімізде өндірілмейтін заттарға келсек, олардың өндірісін да біртіндеп жолға қоюға болады. Шамамен 27 зауыт пен фабрика құрылады деп болжап отырмыз. Инвесторлармен жұмыс істедік. Олардың ішінде өзіміздің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар да бар. Олар өз өндірісінің аясын кеңейтуге дайын. Сондай-ақ шетелдік инвесторлар да қызығушылық танытып жатыр. Олардың ішінде Еуропаның, Германияның, Түркияның, Ресейдің және Қытайдың инвесторлары бар. Әрине, олардың бәрі біздің сертификаттау жүйелеріміз бойынша стандартталып, сертификатталған болуы керек, — деді Қанат Бозымбаев.

Аталған жоба аясында инженерлік желілерді жаңғыртуға 6,8 трлн теңге инвестиция қажет. Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов аталған ұлттық жобаға БЖЗҚ қаражатын пайдалану туралы шешім қабылданған күннің өзінде қажетті соманың төрттен бірі ғана пайдаланылатынын айтты.

                                                                                        Дереккөз/kaz.inform.kz/

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз