17.6 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 7 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 339

Құтқару үшін награда

ҚР Төтенше жағдайлар  министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов жол-көлік оқиғасы нәтижесінде адамдардың өмірін құтқаруда және жанып жатқан автомобильдің өртін сөндіру кезінде көрсеткен батылдығы мен кәсібилігі үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің бас инспекторы Алтай Мырзабаевты «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен наградталды. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 2 ақпанда түнде Астана қаласының Есіл ауданында екі жеңіл автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік...

Саламатты болашақ : Жасөспірімдер зиянды әдеттен аулақ болсын

Талдықорған қаласындағы №30 орта мектептің базасында жас педагог-психологтарға арналған аймақтық оқыту семинары ұйымдастырылды. Облыстық психологиялық қолдау орталығының қолдауымен өткен басқосуға орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтары қатысты. «Саламатты болашаққа қадам: жасөспірімдердің психоактивті заттардан аулақ болуы және өмірлік дағдыларын дамыту» атты шара қоғамдағы өзекті мәселелерді арқау етті. Психоактивті заттар мен құмар ойындарға тәуелділік өзекті мәселелердің қатарында. Мамандардың айтуынша, мұндай...

Сіз ХҚКО қызметкерін үйге шақыруға болатынын білесіз бе?

Бірақ бұл қызмет түрі барлығына бірдей көрсетілмейді. Тек белгілі бір санаттағы азаматтарға ғана қолжетімді. Қосымша ақпаратпен танысу үшін суреттерді жылжытыңыз. Дереккөзі: “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

Елді мекендердің электрондық картасы әзірленді

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйіне бұл жолы Жетісу облысының Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы   Даркен Нұржанұлы келіп, БАҚ өкілдерімен кездесті.   Спикер аталмыш  басқарманың өткен жылғы атқарған жұмысы мен 2025 жылы сәулет саласында іске асырылатын жобалар турасында баяндады. -   Бүгінгі таңда Жетісу облысының 358 елді мекені бас жоспарлармен қамтамасыз етілді. Алайда,  қажетіне қарай түзетулер жүргізілуде. Облыс бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен...

Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

«Болашақта Қазақстан Еуразия континентінің маңызды көлік торабы болуы керек. Бұған қол жеткізу үшін теміржол инфрақұрылымын дамытуды және отандық машина жасау салаларын жаңғыртуды жалғастыру қажет» Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті 2024 жыл темір жол машина жасау саласындағы қазақстандық зауыттар үшін өндіріс көлемі бойынша рекордтық жыл болды: 124 локомотив, 2 565 жүк және 122 жолаушы вагоны. Өндіріс көлемінің артуы жылжымалы құрамды жаңартуға және...

С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Кітаппен DOSBOLIKE» атты интеллектуалды ойыны өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Кітаппен DOSBOLIKE» атты интеллектуалды ойыны өтті. Шараға топтық жарыста өздерінің білім деңгейін көрсету, тез ойлау қабілеті мен логикасын шыңдау мақсатында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған Абай атындағы №1 ОМ 9 сынып оқушыларынан төрт команда жасақталды. Олар: «Жас қыран», «Жалын», «Дарын», «Самға» топтары. «Кітаппен DOSBOLIKE» интеллектуалды ойыны 4 кезең бойынша: «Бәйге»,...

Жастарға қызмет көрсету орталығында облыс кітапханашыларының қатысуымен инклюзивті тренинг өтті

Талдықорған Жастары орталығы мен «It Service Education» Қоғамдық Бірлестігінің ұйымдастыруымен Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінің студенттері арасында инклюзивтік тренинг өткізілді. Бұл шара мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделуі мен инклюзивті білім алуға деген көзқарасты жақсартуға бағытталды. Тренинг барысында қатысушылар ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өмір сүру жағдайлары мен олардың күнделікті кездесетін қиындықтары туралы тың ақпараттар алды. Сонымен қатар, шараға зағип және нашар...

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жылжымалы кітап көрмесі өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жылжымалы кітап көрмесі «Халық Банк» мекемесінде өтті. Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығының ұйымдастыруымен жылма-жыл өткізіліп келе жатқан танымалдыққа ие жоба.  Республикалық акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін...

«Игі істі бөліс» республикалық флешмобы басталды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрілігі Ұлттық волонтерлер фронт-офисімен бірлесіп, «Игі істі бөліс» республикалық флешмобы басталғанын хабарлайды. Бастама мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсету арқылы қайырымдылық пен волонтерлік қызметті дамытуды көздейді. Флешмоб азаматтар арасында мейірімділік, өзара көмек және әлеуметтік жауапкершілік идеяларын насихаттауға бағытталған. Қатысу үшін игі іс жасау сәтін фото немесе видеоға түсіріп, #ИгіІстіБөліс және #ПоделисьДобром хэштегтерімен әлеуметтік желілерде бөлісу жеткілікті. Флешмоб шарттары туралы...

Жетісу аймағы: Шекараның үздігі

Шекарашылардың қатарында адал қызметімен ерекше көзге түсіп, өз саласында жақсы жетістікке жеткен мамандар жетеерлік. Солардың бірі - ефрейтор Ғабит Есмұрат. Ол ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының «Нұр Жолы» (жолаушылық) шекаралық бақылау бөлімінің аға нұсқаушысы. 2019 жылдан бері жасыл күнқағарлылардың сапында еңбек етіп келе жатқан шекара сақшысы жоғары кәсіби шеберлігімен танымал. Ғабит Ермекұлы Отан...