17.6 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 7 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 338

Қайырымдылық – асыл қасиет

«Жомарт жан» қайырымдылық орталығы мен Іскер әйелдер қауымдастығының  бірлесіп ұйымдастыруымен «ҚХА 30 жыл - 30 игі іс» акциясы өтті. Акция барысында  «Айналайын» балалар үйі, қалалық Аналар үйі, Жаркент қаласындағы  «Мерей» оңалту орталығы, №4 мамандандырылған мектеп-интернаты, «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Қаратал күндізгі болу орталығы» мекемелерінің тәрбиеленушілері  қамтылды.  Балаларға ойын-сауықтық және концерттік бағдарламалар, сондай-ақ, мерекелік дастархан әзірленді. Қайырымдылық акциясының  мақсаты – балаларды...

Жетісулықтар — «Асыл домбыра» жеңімпазы

Өткен жылғы қыркүйек пен желтоқсан аралығында «Хабар» арнасында өткен «Асыл домбыра» жобасының үшінші маусымының жеңімпазы Жетісу облысының командасы  атанды. Осы орайда «Асыл домбыра» тележобасының продюсері Рауан Оқасов, «Tas Group» компаниялар тобының өкілі Данияр Молдахмет және жоба жеңімпазы Дидар Өмірәлі айтыс өнерінің қазіргі хал-ахуалына тоқталып, командаға берілген  домбыраны  М.Тынышбаев атындағы музейге салтанатты түрде табыстады. «Асыл домбыра» жобасының мақсаты – жастардың айтысқа...

Еліміздегі сайлау жүйесі – әділ және ашық

Дүниежүзілік сайлау күні – демократияның маңызды құндылықтарын атап өтетін күн. Ол азаматтардың сайлау құқығын қорғау, әділ және ашық сайлау жүйесін дамыту, сондай-ақ, халықтың саяси белсенділігін арттыруға бағытталған. Мереке қарсаңында Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен кездесу өтті. Кездесу барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ақшабай Керімбеков, Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Темірболат Ахажан еліміздегі сайлау жүйесі,...

Сайлау саласының ардагерлеріне құрмет

Дүниежүзілік сайлау күніне орай Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл сайлау саласының ардагерлері және қалалық сайлау комиссия мүшелерімен кездесті. Салтанатты шарада Жетісу облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ержан Сабитов, сайлау саласының ардагері Шырақбай Жылқайдаров, Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссиясын 2019-2024 жылдары басқарған Ерғазы Қошанбеков, Талдықорған қалалық мәслихатының аппарат басшысы, шақырылым депутаты болған Тимур Биғожанов ҚР сайлау жүйесі мен заңнама,...

Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын жолдың құрылысы биыл басталады

Биыл Жетісу облысында 152 шақырым жол мен 53 елді мекеннің ішкі жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Соның ішінде 5 көпірді қайта жаңғырту, 1 көпірді орташа жөндеу, Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын 15 км жолдың реконструкциясы, «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай» жолының 35-110 км учаскесінің жаңғырту жұмыстары, елді мекендерге кіретін жолдар, ішкі жолдар т.б. жобалар бар, - деп хабарлайды...

ҚҚС: Нақты жағдай ескерілуге тиіс

Сауал: – Қосылған құн салығы шегін төмендету барысында қандай фактор бірінші кезекте ескерілуі керек? Балжан Бақытқалиқызы, салық маманы Жауап: – Салық кодексінің 82-бабының 2-тармағына сәйкес, қазір ҚҚС төлеушісі ретінде тіркелу үшін айналым көлемі – 20 000 АЕК немесе 78 640 000 теңге. Алайда мемлекет бұл шекті 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынды. Бұл өзгеріс кәсіпкерлерге үлкен салмақ түсіруі мүмкін. Себебі есепке алынатын көр­­сеткіш таза...

Құн салығы неге көтеріледі?

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткізілген брифинг барысында қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін көтеру жоспарына түсініктеме берді. Министрдің айтуынша, бұл өзгерістер бағаға әсер етсе де, ұзақмерзімді перспективада ел экономикасына оң серпін береді. Ол «Үкімет қосылған құн салығын 20%-ға көтеру деген шешімге әлі нақты келген жоқ» деді. Серік Жұманғарин ҚҚС мөл­шерлемесінің артуы тауарлар ба­ғасының...

ҚҚС: Уақыт сынын еңсеретін қадам

Ел қазынасы ортайып, Ұлттық қор трансфертіне мұқтаждық артты. Еселеп өскен шығынды салық түсімдері жаба алатын емес. Билік осы теңгерімсіздікті түзеу мақсатында қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін арттырамыз деп отыр. Бұл ұсыныс төңірегінде қоғамдық пікір екіге жарылды. Бірі «бизнеске қысым күшейеді» деп алаңдаса, екінші тарап «салық әділ бөлінсе, мемлекет өркендейді» дейді. Көзқарас сан алуан, ал басты сұрақ – бұл өзгеріс­тер...

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қайырымдылық іс-шарасы өтті

Облыста «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында эко-акциялар, дөңгелек үстел, дәстүрлі сенбіліктер және т.б шаралармен қатар қайырымдылық іс-шаралар да ұйымдастырылуда. Бүгін, 5 ақпан Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалғызбасты және қарт адамдарға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында аулалардағы, үй кіреберістеріндегі және жүретін жолдардағы қарды тазалау жұмыстары өткізілді. Шараға студенттер мен жастар арасындағы еріктілер атсалысты. «Мейірімді-Жетісу» волонтерлік фронт-офисінің жетекшісі Саматқызы...

Мейірім мәдениетке жол ашады

Менің ойымша, адам бойындағы ең маңызды қасиет - мейірім. Айналасына махаббат пен жылуын сыйлай алатын адам ғана өзінің жолын адаспай таба алады. Балалар кішкентай кезінен мейірімді болуды үйренуі керек. Сонда  ол өскенде еліміздің ғана емес,  тіпті бүкіл әлемнің дамуына әсер ететін тұлға қалыптасады. Мейірім мәдениетке жол ашады. Бұл қасиет өмір жолына керек көптеген қабілеттерін шыңдап, әлемдік деңгейде дамуына мүмкіндік береді....