«Баспана» ипотекалық ұйымы, Алматы, 22сәуір. «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары бойынша қабылданған өтінімдердің сомасы 200 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды «Баспана» ипотекалық ұйымы. Мақұлданған қарыздар сомасы 115 млрд. теңгеге жақындады.

Сәуірдің ортасында Баспананың әріптес банктері ипотекалық несиелерді мақұлдау мен берудіңең жоғарғы қарқынын көрсетті. Өткен аптада 8,3 млрд теңге сомасына қарыздар мақұлданды, демек бір жұмыс күнінде 1,7 млрд теңге берілді деуге болады.  Оның ішінде, 5,2 млрд теңге – Баспана Хит бойынша, 3,1 млрд теңге – 7-20-25 бойынша мақұлданды. Ипотекалық кредит берудегінегізгі жұмыстыЦентрКредит Банкі, Сбербанк пенХалық Банк атқарған.

«Баспана Хит» бағдарламасының жетістігі қолданыста болған үйлердің көптігі мен бағдарламаның өте жеңіл талаптарына байланысты деп ойлаймын. Бұл ретте бастапқы жаңа тұрғын үй бойынша да құрылыс секторы тарапынан жағымды хабарлар келіп түсуде. Құрылыс салушылар ірі қалаларда да, өңірлерде де тұрғын үй құрылысының белсенді кезеңіне кірді. Бұл жақын арада «7-20-25» бағдарламасы үшін тұрғын үйдіңжеткілікті санын қамтамасыз ететін болады», -деді «Баспана» ипотекалық ұйымыныңбасшысы Қайрат Алтынбеков.

Қазіргі кезде «7-20-25» бағдарламасы бойынша мақұлданған кредиттер сомасы 85 млрд теңгеге жақындап келеді. Ал «Баспана Хит» өз кезегінде аз уақыттың ішінде 30 млрд теңге межесінен асып түсті.

«Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ

Сыртқы коммуникациялар департаменті

Тел: 8 (727) 2772025, ішкі т.7340

pressa72025@gmail.com

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK