Дүниежүзілік сайлау күніне орай Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл сайлау саласының ардагерлері және қалалық сайлау комиссия мүшелерімен кездесті.
Салтанатты шарада Жетісу облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ержан Сабитов, сайлау саласының ардагері Шырақбай Жылқайдаров, Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссиясын 2019-2024 жылдары басқарған Ерғазы Қошанбеков, Талдықорған қалалық мәслихатының аппарат басшысы, шақырылым депутаты болған Тимур Биғожанов ҚР сайлау жүйесі мен заңнама, оның маңыздылығы, комиссияның қызметі, жалпы жауапкершілік туралы баяндады. Талдықорған қаласының әкімі Ернат Дүйсенбекұлы «Бүгін біз сайлау саласында қызмет еткен Талдықорған қаласының ардагерлерінің еңбектері мен қоғамға қосқан үлестеріне алғыс білдіру мақсатында жиналып отырмыз. Сіздер, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуында ерекше рөл атқарған азамат ретінде әрқашан құрметке лайықсыздар. Өздеріңізге мәлім, сайлау – демократияның, еркіндіктің және азаматтық жауапкершіліктің символы. Осы арқылы әр азамат өз дауысының маңыздылығын сезінеді, мемлекетіміздің дамуына үлес қосады»-деп облыстық және қалалық сайлау комиссияларының мүшелеріне алғысын білдірді. Қаламыздың әлеуметтік- экономикалық дамуына және сайлау саласының өркендеуіне белсенді үлес қосқаны үшін Сайлау саласының ардагерлері, сондай-ақ, сайлауды ұйымдастыру мен өткізудегі көп жылғы еңбегі үшін бірқатар азаматтарды марапаттады.