биші балалар Өтенай ауылдық мәдениет үйі
дереккөз

Өтенай ауылдық мәдениет үйінде Талдықорған қаласы әкімінің жүлдесі үшін  дәстүрлі «Балдәурен — 2019» балалар шығармашылық жобасы өткізілді. Жетінші жыл қатарынан  жас  таланттардың  өнерін  шыңдап, болашағына  жол  ашу  мақсатында  ұйымдастырылған жобаға бұл жолы бишілер тобы қатысты. Ережеге  сәйкес  үміткерлер жас ерекшеліктеріне байланысты   4-6 жас аралығында және  7-10 жаста бақ сынасты. Жалпы алғанда 17 өнер ұжымдары, ансамбльдер сюжеттік  және халықтық стильге келтірілген би түрінен   өнер  көрсетті.

Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі,қалалық мәслихаттың депутаты, мәдениет үйінің директоры Б.Түстікбаев, «Туған тел» халықтық ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі  Т.Кучерова және өзге де  мамандар әділ төрелік жасады.

Жоба қорытындысында,  4-6 жас аралығында, І орындарды № 42 балабақшасының  «Алау» би ансамблі мен  «Алтын бесік» балабақшасы жеңіп алды. ІІ орынды №4 балабақшаның  «Еркетай» ансамблі, жүлделі үшінші орындарды   № 13 «Құралай», № 14 «Айбөбек»  және  «Балалар әлемі» балабақшалары өзара бөлісті. Ынталандыру  сыйлығына № 5 балабақшасының  «Әдемі-ай» ансамблі лайық деп табылды. 

 Мұнан кейін  7-10 жас аралығында ІІ орын – № 12 орта мектебі «Ритм» ансамбліне берілді. Ал   №28 орта мектептің  «Фантазия» ансамблі үшінші орынды иеленді. №17 орта мектептің  «Ласточка» ансамбліне  ынталандыру сыйлығы табысталды. Үміткерлердің қалған тобы қатысқандары үшін дипломмен марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK