Еліміздегі сайлау жүйесі – әділ және ашық

58

Дүниежүзілік сайлау күні – демократияның маңызды құндылықтарын атап өтетін күн. Ол азаматтардың сайлау құқығын қорғау, әділ және ашық сайлау жүйесін дамыту, сондай-ақ, халықтың саяси белсенділігін арттыруға бағытталған. Мереке қарсаңында Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен кездесу өтті.

Кездесу барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ақшабай Керімбеков, Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Темірболат Ахажан еліміздегі сайлау жүйесі, сондай-ақ, өскен өлкесінің дамуына шығармашылық, қайраткерлік сипатымен үлес қосқан бірқатар тұлғаның  биыл аталып өтілетін мерейтойлары жөнінде ой бөлісіп,  мән-маңызына тоқталды. Қаламыздағы Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы, Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы мен Н.Тілендиев атындағы музыка  мектебінің оқушылары өнерлерін ұсынды. Әділет Рымтаев, Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы: «Жыл сайын барлық елде ақпан айының бірінші бейсенбісінде Венгрияда өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде құрылған және БҰҰ  қолдаған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі. Осы орайда ұйымдастырылып отырған бүгінгі шараның  мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыру, сайлаушылардың жалпы белсенділігін арттыру және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген ұстанымын қалыптастыру. Жастар барлық игі бастамалардың қасында жүруі тиіс. Жастарымыз алдыңғы буыннан үлгі-өнеге алып өсері сөзсіз»-деді. Сонымен қатар, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына және өркендеуіне елеулі үлес қосқаны үшін бірқатар азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз