«Көктал» тұрғын үй алабының 37 көшесін жөндеу жұмыстары 2026 жылы аяқталады
Талдықорған қаласында «Көктал» тұрғын алабының 37 көшесін күрделі жөндеу жұмыстары 2026 жылы толық аяқталмақ. Еркін ауылдық округіне қарасты «Көктал» тұрғын алабы халқының сұранысы негізінде Талдықорған қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша 2024 жылы жөндеу жұмыстары басталған болатын.
Жоспар бойынша 37 көшені жөндеу үшін жалпы 3,3 млрд теңге қаражат бөлініп, жалпы ұзындығы 22,6 шақырым көше ретке келтірілмек. Биылғы жылы 7,6 шақырымды құрайтын 8...
Қалалық шахмат жарысы NIS — те өтті
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар арасында шахматтан қалалық жарыс өтті.
Бұл зияткерлік жекпе-жекке №20 лицейден, №9 мектептен, №125 мектептен және NIS-тен жас шахматшылар қатысты. Жарыс өздерінің дағдылары мен стратегиялық ойлауын көрсеткен үздік ойыншыларды жинады.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған:
I орын: НИШ — Мухаметқали Жайыл, Фархадұлы Амир, Нұрхамит Әмина
II орын: НИШ — Меңдібек Әлтаир, Ауелбай Айсұлтан, Болатбай Нурикамал
III...
Бейбіт Исабаев Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті
Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиер Ибрагимовпен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен әлеуеті жайлы мәселелерді талқылады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ресми делегацияны жылы қарсы алған өңір басшысы Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары жайлы қысқаша айтып берді.
- Жетісу - аграрлық аймақ. Біз қант қызылшасы, жүгері, бидай, майлы дақылдар, ет, сүт...
ҚМДБ: БИЫЛ РАМАЗАН АЙЫ 1 НАУРЫЗДА БАСТАЛАДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күнін бекітті.
Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.
Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары...
ЖЕТІСУДАҒЫ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДАҒЫ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында университет пен колледждердің ғылыми-зерттеу және практикалық қызметін интеграциялау тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Жетісу облысының мамандарға қажеттілігінің өңірлік картасы дайындалып, тұсауы кесілді.
Жетісу өңірінің колледждерінде негізгі:
Өңдеу өнеркәсібі,
Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп,
Энергетика саласы және жаңартылатын энергетика көздері,
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар,
Туризм индустриясы бағыттары бойынша мамандар дайындайтын болады.
Талдықорған қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілді
Қазақстан Республикасы«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы9-бабының 8-тармағына және Талдықорған қаласы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының шешіміне сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты төрағасының өкімімен Талдықорған қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілді:
Азаматтық қоғам өкілдері:
Слямов Еркимбек Батырканович – Өзін-өзі ұсынушы
Есдаулетов Рахмет Разбекович – Өзін-өзі ұсынушы
Аринов Амире Аринович – Өзін-өзі ұсынушы
Мұстафа Хұсайын Дәуітұлы – «Жетісу облысының Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері» ҚБ
...
Талдықорған қалалық мәслихатының «Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының ХАТТАМАСЫ
Талдықорған қаласы, Өтенай ауылдық округі, Ынтымақ ауылы, 19 ақпан 2025 жыл,
сағ: 16:00
(№30 орта мектеп)
Көпшілік тыңдау отырысын жүргізген - №11 сайлау округінің депутаты, «Жастармен жұмыс, денсаулықты сақтау, білім, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның төрағасы Гүлниса Досанқызы Тұлымшақова.
Хатшы: қалалық мәслихат аппаратының бас маманы – Әлібек Батырбекұлы Келдібек.
Күн тәртібінде:
Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы
Қатысқандар:
Талдықорған қалалық...
«Қара майорды» еске алу турнирі
Ауған соғысының ардагері, арнайы мақсаттағы 177-отрядтың командирі, ел «қара майор» атап кеткен Борис Керімбаевты еске алу мақсатында Талдықорған қаласының орта мектеп мұғалімдерінің арасында волейболдан турнир өтті.
Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен әуесқой командалар арасында өткен ашық чемпионаттың ашылу салтанатында Бауыржан Барлыбаев «Борис Төкенұлының майдандағы ерлігі, еңбегі барша жұрттың жадында сақтаулы. Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, тұлғаларды насихаттау азаматтық борышымыз деп білеміз....
Балабақшаларда QR-кодтарды енгізу
Мектепке дейінгі ұйымдарды дербестендірілген (ваучерлік) қаржыландыру жобасына сай Талдықорған қаласын енгізу наурыз айынан басталады. «Өңірлерді мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жобаға қосу кестесін» басшылыққа ала отырып, білім басқармасы тарапынан жұмыс тобы құрылып, жоспары бекітілді.
Жетісу облысы білім басқармасының «Мектепке дейінгі білім» бөлімінің басшысы Жұлдыз Мырзаханова баспасөз мәслихатында «Облыстағы мектепке дейінгі ұйымдарды дербестендірілген қаржыландыру жобасына енгізу үшін жұмыс...
Мемлекеттік тілді оқытудың маңызы
Жетісу облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының белсенді қызметкерлерінің арасында креативті топ құрылды. Топ мүшелері ресми іс қағаздарын сауатты жазу үлгілері бойынша оқу құралын әзірлеуде. Биылғы жылы оқу құралын жарыққа шығарып, өңір-өңірлерге тарату жоспарда бар. Осы және өзге де жаңалықтар легімен, мемлекеттік тілді оқытудың маңызы жөнінде Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Жолдыбаев атап өтті.
Баспасөз мәслихатында Жеңіс Хамитұлы «Жетісу облысының...





























