«Қара майорды» еске алу турнирі

319

Ауған соғысының ардагері, арнайы мақсаттағы 177-отрядтың командирі,  ел «қара майор»  атап кеткен  Борис Керімбаевты еске алу мақсатында Талдықорған қаласының орта мектеп мұғалімдерінің арасында  волейболдан турнир  өтті.

Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен әуесқой командалар арасында өткен ашық чемпионаттың ашылу салтанатында Бауыржан Барлыбаев  «Борис Төкенұлының майдандағы ерлігі, еңбегі барша жұрттың жадында сақтаулы. Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, тұлғаларды насихаттау  азаматтық борышымыз деп білеміз. Аталмыш бағыттағы кездесулер, спорттық жарыстар дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл іс-шара мұғалімдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, спорттық рух пен ардагерлерге деген шексіз құрметімізді білдіреді.  Әр қатысушы өз шеберлігін көрсетіп, достық пен бірліктің айқын үлгісін орнатпақ»-деп қатысушыларға сәттілік тіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз