Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында университет пен колледждердің ғылыми-зерттеу және практикалық қызметін интеграциялау тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Жетісу облысының мамандарға қажеттілігінің өңірлік картасы дайындалып, тұсауы кесілді.
Жетісу өңірінің колледждерінде негізгі:
Өңдеу өнеркәсібі,
Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп,
Энергетика саласы және жаңартылатын энергетика көздері,
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар,
Туризм индустриясы бағыттары бойынша мамандар дайындайтын болады.