Мемлекеттік тілді оқытудың маңызы

303

Жетісу облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының белсенді қызметкерлерінің арасында креативті топ құрылды.  Топ мүшелері ресми іс қағаздарын сауатты жазу үлгілері бойынша оқу құралын әзірлеуде. Биылғы  жылы  оқу құралын жарыққа шығарып, өңір-өңірлерге тарату жоспарда бар. Осы және өзге де жаңалықтар легімен, мемлекеттік тілді оқытудың маңызы жөнінде Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Жолдыбаев атап өтті.

Баспасөз мәслихатында Жеңіс Хамитұлы «Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемелердің қызметшілеріне, бюджеттік сала мамандарына, қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне және жеке тұлғаларға мемлекеттік тілді және қажеттілігіне қарай  ағылшын тілін озық әдістер мен жаңа оқыту технологиялары негізінде оқытуды жүзеге асыратын мекеме. Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығына қарасты 8 аудандық, 1 қалалық филиалы және 1 облыстық орталығы, жалпы  10 орталық жұмыс істейді»-деп өткен жылды қорытындылап, биылғы жүзеге асырылар шараларға тоқталды. Спикердің мәлімдеуінше  ағылшын тілі курсы тыңдаушылары арасында «English Fest» фестивалін, Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай абайтанушылар мен ғалымдардың қатысуымен «Абай әлемі» облыстық семинарын,  Ахмет Байтұрсынұлының туған күні, Қазақстан халқы Тілдері күніне орай «Ұлт ұстазы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция, тыңдаушыларды шешендік өнерге баулуға бағытталған «Ораторлық өнерді меңгеріп, өз салаңның үздігі бол» атты «Сөз менеджменті» курсының тұсаукесер салтанатын,  тілші-ғалымдармен іс-тәжірибе алмасу мақсатында  «Мемлекеттік тіл және тілдік тұлғаны қалыптастыру моделі: тарих, инновация, әдістеме»тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілмек. Сонымен қатар,  мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері арасындағы тыңдаушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту мақсатында  «Мемлекеттік тіл мәртебесі – ел мерейі» облыстық байқауын, тіл оқыту орталықтары ішінен үздік филиал және үздік филиал меңгерушісін, үздік қызметкерді анықтауда «Зерделі» байқауын өткізу жоспарлануда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз