Талдықорған қалалық мәслихатының «Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының ХАТТАМАСЫ

408

Талдықорған қаласы, Өтенай ауылдық округі, Ынтымақ ауылы,                                                                                                    19 ақпан 2025 жыл,

сағ: 16:00

(№30 орта мектеп)

 

Көпшілік тыңдау отырысын жүргізген —  №11 сайлау округінің депутаты, «Жастармен жұмыс, денсаулықты сақтау, білім, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның төрағасы Гүлниса Досанқызы Тұлымшақова.

Хатшы: қалалық мәслихат аппаратының бас маманы – Әлібек Батырбекұлы Келдібек.

        

 

Күн тәртібінде:

 

Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

 

Қатысқандар:

Талдықорған қалалық мәслихаттың депутаттары, қалалық әкімдіктің өкілдері, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғамдық ұйымдар менбұқаралық ақпарат құралдарыныңөкілдері,  қала, 3-бөлімше және Береке коттедж қалашығының тұрғындары.

 

Талдықорған қалалық мәслихатының «Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының  көпшілік тыңдау отырысын  Г. Тұлымшақоваашық деп жариялап, шақырылғандарды күн тәртібімен таныстырды.

 

 

Сөйлегендер:

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алғашқы сөзді отырыс төрағасы Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Эльмира Кенжеғалиқызы Мұқышеваға берді. Бөлім басшысы 5 көше бойынша баяндама жасады:

 

Бұрыңғы атауы Жаңа атауы
1.    №5 жаңа көше

«Береке» тұрғын үй алабы

Жүсіп Әбдірахманов

 

2.    №21 жаңа көше

«Береке» тұрғын үй алабы

Жұматай Жақыпбаев

 

3.    №22  жаңа көше

«Береке» тұрғын үй алабы

Көкжиде
4.    №24 жаңа көше

«Береке» тұрғын үй алабы

Алтынқорған
5.    №25 жаңа көше

«Береке» тұрғын үй алабы

Көктас

 

Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Эльмира Кенжеғалиқызы Мұқышева: Естеріңізге сала кетейін, 2024 жылдың 13 желтоқсанында өткен көпшілік тыңдауда «Береке» тұрғын үй алабындағы №5 көшеге Жұматай Жақыпбаевтың есімін беру ұсынылған болатын. Алайда бүгінгі таңда тұрғындар №5 көшенің атауын №21 көшеге ауыстыруды ұсынып отыр. Осы отырыстатұрғындардың ұсынысына сәйкес жоғарыда аталған өткен көпшілік тыңдаудың хаттамасына келесідей өзгерісті:№5 көшеге Жүсіп Әбдірахмановтың атын,  №21 көшеге Жұматай Жақыпбаевтың атынберу туралы енгізуді ұсынып отырмыз. Осы өзгерістерді бүгінгі көпшілік тыңдау хаттамасына кіргізу үшін және «Береке» тұрғын үй алабының 5 жаңа көшелеріне атау беру туралы ұсынысты қолдауларыңызды сұраймын.

Сонымен қатар, өздеріңізге мәлім, биыл республика көлемінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өту аясында көптеген игі істер жүргізіледі, оның ішінде көшеге атау беру шаралары. Атап айтар болсақ, Ұлы Отан соғысы жылдары Жетісу жерінен шыққан ардагерлерімізді ұлықтау мақсатында, олардың ерлік пен батырлығын келесі ұрпаққа мұра ретінде қалдыру үшін облыс орталығы Талдықорған қаласының бірқатар жаңа көшелеріне және кейбір көшелердің атауын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жақын арада Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен батырларының тізімі Сіздерге ұсынылады. Бүгінгі күні бұл тізімге 38 есім енгізілген.

Отырыс төрағасы, №11 сайлау округінің депутаты Г. Д. Тұлымшақова:Жүсіп Әбдірахманов бойынша,сөз, Талдықорған қаласының тұрғыны Құралай Болатқалиқызы Баримбековаға беріледі.

Талдықорған қаласының тұрғыны Құралай Болатқалиқызы Баримбекова:Жүсіп Әбдірахманов 1901 жылы 28 желтоқсанда Ыстықкөл облысының Чиркей ауылында дүниеге келген. Ол – Мемлекет қайраткері, Қырғыз АСКР Халық Комиссарлары Кеңесінің бірінші төрағасы, қырғыз мемлекетінің негізін қалаушылардың бірі.

Жүсіп Әбдірахмановтың өмірбаянына, жетістіктеріне және қазақ еліне сіңірген еңбегіне тоқталып, баяндама жасап, есімін беруге дауыс беруді қолдауды сұрады.

Талдықорған қаласының тұрғыны Дастан Амиров:№5 көшеге Жүсіп Әбдірахмановтың, ал №21 көшеге Жұматай Жақыпбаевтың есімдерін беруді ұсынамын. Бұл – ел тарихына деген құрмет, өткенімізді ұлықтап, болашақ ұрпаққа рухани мұра қалдырудың бір жолы. Осы ұсынысты қолдауларыңызды сұраймын.

Отырыс төрағасы, №11 сайлау округінің депутаты Г.Д. Тұлымшақова:Құрметті көпшілік тыңдауға қатысушылар! Сіздердің назарларыңызға, 2024 жылдың 13 желтоқсанында өткен көпшілік тыңдауда №5 көшеге Жұматай Жақыпбаевтың есімін беру ұсынылған болатын.Алайда,бүгінгі отырыста №21 көшеге Жұматай Жақыпбаевтың есімі, ал №5 көшеге Жүсіп Әбдірахмановтың есімі ұсынылып отыр.

Құрметті көпшілік тыңдауға қатысушылар. Осы көшелерге беріліп отырған тұлғалар, жер-су және дәстүрлі атаулар жайлы толық ақпарат берілді. Осымен сөз сөйлеуді тоқтатып, дауыс беруге көшейік.

Ол үшін осында қалалық мәслихат аппаратының бас маманы Келдібек Әлібек Батырбекұлы мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Рысбаева Сандуғаш Арнайқызы отыр. Осы азаматтар дауыс санауды жүзеге асырады.

Отырыс төрағасы, №11 сайлау округінің депутаты Г. Д. Тұлымшақова:  Құрметті қатысушылар, қалай дауыс береміз: барлық көшелерді тізім бойынша бірден бе, әлде әр көшені жеке-жеке қараймыз ба?

Тұрғындар барлық көшелерге бірден тізіммен дауыс беруді ұсынды.

Отырыс төрағасы, №11 сайлау округінің депутаты Г. Д. Тұлымшақова:  Жақсы,       аталған 5 көшеге атау беруді кім қолдайды? Қарсы? Қалыс? Жоқ. Қабылданады.

Депутаттар мен тұрғындар бірауыздан бұл мәселені қолдап, дауыстарын берді.

Отырыс төрағасы, №11 сайлау округінің депутаты Г. Д. Тұлымшақова:Бүгінгі қаралған мәселе бойынша хаттама бұқаралық ақапарат құралдарында 7 жұмыс күн ішінде жарияланып, қалалық мәслихат пен әкімдіктің бірлескен шешімімен облыстық ономастикалық комиссияға қарауға ұсынылады.

Тұрақты комиссия төрағасы айтылған ұсыныс әлі де жергілікті атқарушы органмен бірлесе қаралатынын айтып,  отырысты жабық деп жариялады.

 

 

Отырыс төрағасы                                                  Г. Тұлымшақова

 

Отырыс хатшысы                                                 Ә. Келдібек

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз