Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шаралар жүзеге асты
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды. Өз сөзінде Президент қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске қатысты, сондай-ақ ғылым және технология саясатын, жылу энергетикасын, басқа да мәселелерді реттейтін заңдар күшіне енгенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінді. Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы...
Сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет
Баршаға мәлім біздің алдымызда мемлекет үшін өмірлік маңызы бар мәселе – алғашқы атом энергетикалық станциясын салу бойынша шешім қабылдау міндеті тұр. Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Осы орайда Қазақстанда АЭС салу мәселесіне арналған республикалық референдум туралы Президент Жарлығының жобасы Үкімет қарауына жіберіліп, жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтетіндігі мәлім болды. АЭС салу бойынша Референдум өткізу...
ҚР Президенті Жолдауының трансляциясы сағат 11:00-де басталады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.
Президент Жолдауы сағат 11:00-де барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.
Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.
Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.
Талдықорғанда жаңа оқу жылында 35 мыңнан аса оқушы білім алады
1 қыркүйек - «Білім күніне» орай, қаламыздың озық білім ордасының бірі Н.Островский атындағы №8 орта мектебінде алғашқы қоңырау шарасы өтті.
Салтанатты шараға қала әкімі Ернат Бәзіл қатысып, мектеп ұжымы мен оқушыларды мерекемен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
«Биылғы жаңа оқу жылында қала мектептерінде 35 819 оқушы білім алатын болса, солардың 3 935 мектеп табалдырығын аттап отырған балдырғандарымыз. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің талабы...
Талдықорғанда 200 орынды жекеменшік мектеп қолданысқа берілді
Облыс орталығы Талдықорған қаласында «Білім күніне» орай тағы бір заманауи үлгідегі 200 орынды «Умные детки» жекеменшік мектеп қолданысқа берілді. Аталмыш білім ордасы Талдықорған қаласының қала мәртебесін алғанына 80 жыл толуына орай және қала күні қарсаңында ашылып отыр.
Білім ордасының ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков қатысып, лентасын қиып, мектеп ұжымын және оқушыларлды білім күнімен құттықтап, алдағы жаңа оқу жылында...
ЕРКІН ҒАББАСОВ — ПАРАЛИМПИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
Финалда R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды.
Алтын медальды 249.4 ұпай жинаған Корея спортшысы Парк Дж, ал қола медаль 226 ұпай жинаған Дания елінің спортшысы еншіледі.
Көкпардан ұлттық құрама спортшылары Көшпенділер ойындары өтетін алаңда алғашқы дайындықтарын өткізді
Көкпардан ұлттық құрама спортшылары елордадағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін «Қазанат» ипподромында көкпар және көкбөрі спорттары бойынша дайындыққа кірісті.
«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына көкпардан ұлттық құрама мүшелері сақадай сай. Біз Астанаға ертерек келіп, жылқылардың алаңға жылдам бейімделуіне жағдай жасап жатырмыз. Бүгін алаңмен таныстық. Сапасы өте жақсы. Әрине, дүбірлі дода өз жерімізде өтетін болғандықтан үлкен жауапкершілікті сезініп жатырмыз. Қолымыздан келгенін жасаймыз....
Қазақстан Халық партиясының республика аумағында АЭС салу мәселесіне қатысты үндеуі
Құрметті қазақстандықтар!
Жуық арада біздің алдымызда мемлекет үшін өмірлік маңызы бар мәселе – Қазақстанда алғашқы атом энергетикалық станциясын (АЭС) салу бойынша шешім қабылдау міндеті тұр. Біз – Қазақстан Халық партиясы, сіздерді еліміздің болашағына, оның дамуы мен әл-ауқатына тікелей ықпал ететін бұл шешімді ақылға қонымды түрде әрі жан-жақты саралай отырып қабылдауға шақырамыз.
Бүгінде елімізде ЖЭО-дағы апаттар жиілеп, жылу станциялары жабдықтарының әбден тозығы...
Әскери міндетіңізді атқарып, тегін білім алыңыз!
Жыл сайын 35 мыңнан астам қазақстандық мерзімді әскери қызметке шақырылады. Қорғаныс министрлігі еліміз бойынша 70-тен астам жоғары оқу орындарымен келісім жасалып, әскер қатарында жақсы жағынан көрінген жастарға тегін әскери білім алу мүмкіндігі де берілмек.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы №443 Жарлығы және Талдықорған қаласы әкімінің «2024 жылғы 28 ақпанындағы №127 Қаулысы негізінде» «2024 жылдың наурыз – маусым және...



























