Шекара бөлімшелерінде көгалдандыру іс-шарасы өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Көксу» шекара бөлімшесінде көгалдандыру іс-шарасы ұйымдастырылды.
Бөлімшенің жеке құрамы табиғатты қорғау мен аумақты абаттандыру мақсатында шекара бөлімшесінің аумағына 100 дана жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызды. Атап айтқанда, алма, алмұрт, өрік, шие және шабдалы ағаштары егілді.
Сондай-ақ, Текелі қаласында орналасқан ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы...
Қазақ тілі курсы тыңдаушыларынан емтихан қабылданды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің қазақ тілін оқу тобының тыңдаушыларынан ағымдағы жылдың 1-тоқсан қорытындысы бойынша емтихан қабылданды.
Емтихан Панфилов аудандық тіл оқыту орталығының ұйымдастыруымен өтті. Тыңдаушылар емтихан барысында тоқсан көлемінде меңгерген теориялық және практикалық білімдерін көрсетіп, мемлекеттік тілді игеру деңгейлерін дәлелдеді.
Емтиханның негізгі мақсаты – қызметкерлердің қазақ тілін меңгеру...
Алакөлдік жас шекарашыларды жауынгерлік оқыту басталды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында «Көктем-2025» мерзімді әскери қызметке жаңадан қабылданған сарбаздармен алғашқы оқу үрдісі басталды.
Бұл оқу кезеңі әскери қызметшілердің бастапқы дайындық деңгейін арттыруға, шекара күзетінде қажетті білім мен дағдыларды меңгеруге бағытталған. Сабақтар жауынгерлік даярлық, саптық және атыс дайындығы, сондай-ақ әскери жарғыларды оқып-үйрену секілді негізгі бағыттарды қамтиды.
Жауапкершілігі жоғары бұл кезеңде...
Жетісулық шекарашылар ультрамарафон жүгірді
ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаментінің шекарашылары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ультрамарафон жүгірді.
80 шақырымдық марафон «Қарақұм» шекара бөлімшесінен басталып, Жаркент қаласының орталық алаңында аяқталды. Бірнеше қашықтыққа жүгірген офицерлер: Асқар Талғатов, Ернар Исанов, Абай Сапаров және Тасқын Хамитжановты – жеке құрам салтанатты түрде қарсы алды.
Таңғы сағат 4:00-де басталған марафон табиғаты қатал аймақтарды басып өтті. Қатысушылар «Қарақұм» шекара бөлімшесі...
2025 жылы Қазақстанда асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы
2025 жылдың үш айында Жетісу облысында асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алуға 130 өтініш қабылданды. Қайтыс болған асыраушының асырауында болған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар.
Отбасының еңбекке жарамсыз мүшелері:
* 18 жасқа толмаған, сондай-ақ осы жастан асқан балалар (оның ішінде асырап алынғандар, өгей ұлдар мен өгей қыздары), аға-інілері, апа-сіңлілері мен немерелері, егер олар...
«Ұстаз» фильмінің актерлерімен кездесу кеші мектепте өтті
Ұстаз туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: «Ұстаз – ұлы есім» десе, батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Ұстаз- ұлық емес, ұлы қызмет» деп баға берген екен. Ал, Жетісу жерінде түсірілген «Ұстаз» фильмінің идея авторы – белгілі журналист Бейсен Құранбек, сценарийін жазған – Гүлмира Зербай. Ал қоюшы режиссері – жетісулық жас талант Ерлан Ұшақпаев. «Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22...
Көлік министрлігі: еліміздегі 125 теміржол вокзалында қайта жаңғырту жұмыстары басталды
2025 жылғы 14 сәуірден бастап еліміздің барлық өңірінде 125 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары басталды.
«Модернизация және реконструкция жұмыстары аясында вокзал ғимараттарын қалпына келтіру мен жөндеу, сондай-ақ, инженерлік жүйелерді жаңарту жұмыстары атқарылмақ. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң вокзалдардың өткізу қабілеті артып, заманауи күту залдары, интернет, ақпараттық жүйелер мен арнайы сервистер пайда болады деп күтілуде», – деп атап өтті көлік вице-министрі Мақсат...
Жетісу облысы Тәжікстанмен ынтымақтастықты кеңейтуде
Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы елшілігінің сауда өкілі Олимджон Ашурзодамен кездесті. Басқосуда қос тарап екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Ә. Қанағатов аймақтың инвестициялық әлеуетіне кеңінен тоқталды. Атап айтсақ, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, логистика және транзит салаларына, «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағының мүмкіндіктеріне баса назар аударды....
Жетісу облысында денсаулық айлығы аясында 1500-ден астам тыл ардагеріне дәрігерлер барады
Жетісу облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында 9 мамырға дейін созылатын денсаулық айлығы басталды. Тегін медициналық тексерулер мен консультациялық-диагностикалық көмек емханаларда да, үйде де ұйымдастырылуда. Дәрігерлердің мобильді бригадалары аталған шарада 1500 астам тыл ардагерін қамтуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мәселен, жуырда құрамында хирург, терапевт және невропатолог мамандары бар медициналық бригада Ескелді ауданы...
Қазақстанда спорт саласын дамыту: жүйелі реформалар, инфрақұрылым, бұқаралық спорт және чемпиондар даярлау
"Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отырмын. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша. Жақында мен Олимпиадаға қатысушылармен кездестім, спорттағы нақты міндеттер мен басымдықтарға тоқталдым.
Шын мәнінде, бұл саладағы заңнаманы жаңартатын кез келді деп ойлаймын. Заңға енгізілетін өзгертулер бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуға зор серпін береді....





























