2025 жылдың үш айында Жетісу облысында асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алуға 130 өтініш қабылданды. Қайтыс болған асыраушының асырауында болған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар.
Отбасының еңбекке жарамсыз мүшелері:
* 18 жасқа толмаған, сондай-ақ осы жастан асқан балалар (оның ішінде асырап алынғандар, өгей ұлдар мен өгей қыздары), аға-інілері, апа-сіңлілері мен немерелері, егер олар 18 жасқа толғанға дейін мүгедек деп танылса. Бұл ретте аға-інілері, апа-сіңлілері және немерелері — егер олардың еңбекке жарамды ата-аналары, өгей ұлдары және өгей қыздары болмаса — егер олар ата-аналарынан алимент алмаса;
егер олар зейнеткерлік жасқа толса, әкесі, анасы (оның ішінде бала асырап алушылар), жұбайы, зайыбы;
• ата-анасының біреуі немесе жұбайы не атасы, әжесі, аға-інісі немесе апа-сіңлісі, егер ол қайтыс болған асыраушысының 8 жасқа толмаған балаларын, аға-інілерін, апа-сіңлілерін немесе немерелерін күтумен айналысса және жұмыс істемесе, жасына және еңбек қабілетіне қарамастан;
• атасы мен әжесі, егер олар зейнеткерлік жасқа толса, оларды асырауға міндетті, басқа күнкөріс көздері жоқ адамдар болмаған жағдайда;
• академиялық демалыста болған кезеңді қоса алғанда, күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша оқитын 18 жастан асқан азаматтардың оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ 23 жасқа толғанға дейін асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар.
Қайтыс болған адамның отбасы мүшелерi, егер олар оның толық асырауында болса немесе одан өздерi үшiн тұрақты және негiзгi күнкөрiс қаражатының көзi болған көмектi алса, оның асырауында болды деп есептеледi.
Жәрдемақыны ресімдеу үшін Жетісу облысы бойынша ХҚКО жүгіну немесе электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы өтініш беру қажет.
ХҚО-ға жүгінген кезде төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:
* жеке басын куәландыратын құжат;
* асыраушысының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе хабарлама немесе адамды хабар-ошарсыз кетті (қайтыс болды) деп тану туралы сот шешімі;
* асырауындағы адамның қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжат (туу туралы, неке туралы, некені бұзу туралы, әке (ана) болуды анықтау туралы куәлік және басқалар).
Айта кетейік, құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсыну талап етілмейді.
Дереккөзі: “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы