ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында «Көктем-2025» мерзімді әскери қызметке жаңадан қабылданған сарбаздармен алғашқы оқу үрдісі басталды.
Бұл оқу кезеңі әскери қызметшілердің бастапқы дайындық деңгейін арттыруға, шекара күзетінде қажетті білім мен дағдыларды меңгеруге бағытталған. Сабақтар жауынгерлік даярлық, саптық және атыс дайындығы, сондай-ақ әскери жарғыларды оқып-үйрену секілді негізгі бағыттарды қамтиды.
Жауапкершілігі жоғары бұл кезеңде жас сарбаздар әскери тәртіпке бейімделіп, ел шекарасын қорғаудағы маңызды міндеттерге дайындалады. Оқу үрдісі тәжірибелі офицерлердің жетекшілігімен ұйымдастырылып, кезең-кезеңімен жоспарға сай жүргізілуде.