Құрметті кәсіпкерлер мен бухгалтерлер! Төлемдердегі қателіктер мен салықтардың дұрыс емес аударылуын болдырмау үшін корпоративтік табыс салығын (КТС) бөлудің өзекті тәртібіне назар аударуларыңызды сұраймыз.
ҚР Қаржы министрінің бұйрықтарына сәйкес (04.04.2025 ж. №151 және №152), Бірыңғай бюджеттік жіктеме бойынша нақтылаулар күшіне енді.
🔍 Төлемді қайда жіберу керек? БЖК-ны тексеріңіз:
БЖК-ны дұрыс таңдау сіздің бизнесіңіздің санатына және экономика секторына байланысты:
• БЖК 101110 — Ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардан алынатын КТС (мұнай секторы ұйымдарын қоспағанда). Мұнда заңды тұлғалар — ірі кәсіпкерлік субъектілері төлейді. (Республикалық бюджет).
• БЖК 101105 — Мұнай секторы ұйымдары болып табылатын заңды тұлғалардан алынатын КТС. Тек мұнай компанияларына арналған (ҚР Ұлттық қоры).
• БЖК 101111 — Ірі кәсіпкерлік субъектілері мен мұнай секторы ұйымдарын қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын КТС. Ірі кәсіпкерлікке және мұнай секторына жатпайтын барлық басқа заңды тұлғалар үшін. (Жергілікті бюджет).
⚠️ Білу маңызды:
1. Мәртебені тексеріңіз: Бизнес санатына жатқызуды ҚР Ұлттық экономика министрлігі жүргізеді. Компанияңыздың Ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жаңартылған тізбесіне кіретініне көз жеткізіңіз: https://rsp.gov.kz/ru/rsp.
2. Қателіктерге жол бермеңіз: Ірі бизнес болып табылмайтын компаниялардан 101110 БЖК-на түсетін түсімдерге жол берілмейді.
3. Дербес шоттарды беру: Егер сізде 101110 БЖК бойынша қате дербес шот ашылса, бірақ сіз ірі бизнеске жатпасаңыз, мұндай шоттар 101111 БЖК-на берілуге жатады.
💡 Қазір не істеу керек?
• Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімімен салыстырыңыз: https://rsp.gov.kz/ru/rsp.
• Төлем тапсырмаларын толтыру кезінде бюджеттік жіктеме кодын (БЖК) мұқият тексеріңіз.
• Дербес шоттардың дұрыс емес ашылғаны анықталған жағдайда, уақтылы түзету үшін мемлекеттік кірістер органдарына хабарласыңыз.
Осы ережелерді сақтау сізге өсімпұлдар мен есептіліктегі мәселелерден аулақ болуға көмектеседі!





























