ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаментінің шекарашылары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ультрамарафон жүгірді.
80 шақырымдық марафон «Қарақұм» шекара бөлімшесінен басталып, Жаркент қаласының орталық алаңында аяқталды. Бірнеше қашықтыққа жүгірген офицерлер: Асқар Талғатов, Ернар Исанов, Абай Сапаров және Тасқын Хамитжановты – жеке құрам салтанатты түрде қарсы алды.
Таңғы сағат 4:00-де басталған марафон табиғаты қатал аймақтарды басып өтті. Қатысушылар «Қарақұм» шекара бөлімшесі аумағындағы құмды жоталар мен тығыз бұталар секілді қиын жерлерді еңсеріп, өздерінің табандылығы мен патриотизмдерін көрсетті.
Іс-шара барысында ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш жанында шекара қызметінің ардагері Георгий Полусмаков марафоншыларға алғысын білдіріп, мамыр мерекелерімен құттықтап, әрбір отбасына бейбіт өмір, амандық пен өркендеу тіледі.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті