«Ата-анаңның үйін тексер»: ТЖМ жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады

3

Тұрғын үй секторындағы өрттер мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар органдары халық арасында «Ата-анаңның үйін тексер» акциясы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Үй — әр адамның жан тыныштығын табатын, жақындары бас қосатын қасиетті мекен. Алайда жылыту маусымы басталған кезде тұрғын үйлерде өрт шығу және иіс газынан улану қаупі артады. Әсіресе жеке тұрғын үйлерде тұратын ата-аналарымыздың, қарт туыстарымыздың және отбасы мүшелерінің қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет.

Талдықорған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарды жақындарының қауіпсіздігіне бейжай қарамай, олардың үйлерінің жылыту маусымына дайындығын тексеруге шақырады.

Талдықорған қаласы
Төтенше жағдайлар басқармасының Инженері
Азаматтық қорғау лейтенанты
А.Сеитқамал

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз