«Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты кітапханаларда 31 мамыр -Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жоспар құрылып іс-шаралар өткізілуде.
Тақырыпқа байланысты кітапхана қорында Д.Досжанов «Абақты» 1992ж, «Азалы кітап» 1998 жылы шыққан, Халел Досмұхамедұлы. Таңдамалы 1998ж. М.Шоқай «3 томдық таңдамалы шығармалар», «Асыл тұлға» 2012ж, Н.Дулатбековтың «Алаш ардақтылары: Санкт-Петербург іздері» 2013ж, «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары ХХ ғасырдың 20-50 жылдары» 3-50 том, Ораз Жандосов: монография 2013ж, Е.Бейсенбек «Кек» 2-ші кітап, «Алаш һәм Түркістан» 2013 ж, «Алаш қозғалысы» энциклопедиялық анықтамалық 2014 ж, Берік Уәли «Алаш жылнамасы» 2020ж, 2021 жылы шыққан «1928 жылғы Декрет: Тәркіленген тағдырлар» атты кітаптары оқырмандар назарына ұсынылады.
№8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалында Саяси қуғын — сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихқа тағылым — өткенге тағзым» атты тарихи сағаты көпшілік оқырмандар арасында өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты- Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру. Өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап өткен асыл ағаларымызды еске алу, ұмытпау — әрбір ұрпақтың парызы.
Сондай-ақ, осы атаулы күнге орай Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында «Мұстафа Шоқай — Тәуелсіздік жаршысы» атты ақпарат сағаты өткізілді. Мұстафа Шоқай Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының ежелгі және бай мәдениеті мен тарихының жаршысы, ояну дәуірінің өкілі болды. Ол орыс әдебиетіне жетік, ағылшын, француз, неміс, түрік және араб тілдерін жақсы меңгерген адам болғаны туралы айтылды. Ол бүкіл өмірін шындық үшін күреске, Орталық Азия мен Қазақстан халқының абыройы мен әр-намысы үшін арнады, оның жан-жүрегі туған халқымен бір еді. Ел Тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күрескен ерлерді еске алып, тағзым ету, соның ішінде М.Шоқайдың тарихи тұлға екендігін, елі үшін жасаған қызметі туралы толық ақпарат, Алаш зиялылары туралы мәліметтер және олардың тарихта алатын орны туралы әңгіме қозғалды. Сонымен қатар кітапхана оқырмандарының назарына М. Шоқайдың туғанына 135 жыл толуына орай тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушының еңбектері және жазушыға арналған материалдар қойылды.
Тағы айтарымыз — 29-30 мамыр күндері «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!» дөңгелек үстел, «Зобалаң жылдар» еске алу кеші ұйымдастырылады.
Ардақ Баймұханова,
В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының бөлім меңгерушісі