Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау емтихандарын тапсыруда

132

Қазақстанның үш өңірінде оқушылар аралық және қорытынды емтихандардан босатылды. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі 3,5 мыңнан астам оқушы аралық және қорытынды емтихан тапсырмайды. Олардың қатарында Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының білім алушылары бар. Олардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады.

 Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, қорытынды аттестациядан барлығы 340 мыңнан астам 9-сыныпты бітірушілер, сондай-ақ биыл 11-сыныпты бітіруші 186 мың оқушы өтеді.

— 9 және 11-сыныптарды бітірушілер үшін қорытынды емтихандар 28 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді.

— Алғаш рет 5-8, 10 сынып оқушылары үшін қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында қазақ тілінен аралық емтихандар тапсырды.

— Колледж түлектерінің қорытынды аттестаттауы 28 маусымға дейін аяқталады.

Түлектерге аттестаттар тапсыру салтанаты 12-15 маусым аралығына белгіленді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз