Талдықорғандағы 54380 әскери бөлімінің сарбаздары Мұхамеджан Тынышбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайын тамашалады. Айтар болсақ, биыл алғашқы теміржол инженері Мұхаметжан Тынышбаевтың мерейлі жылы.
Түрлі жәдігерлермен толыққан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына сарбаздар арнайы келіп, олар мұражай экспозициясымен танысты. Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1974 жылы 1 наурызда Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің шешімімен құрылған. Ал, 1993 жылы мұражайға белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, қазақтың тұңғыш инженері Мұхаметжан Тынышпаевтың аты берілді.
Жаhандану жағдайында мұражайлардың тарихи мұраны сақтау, патриотизм мен азаматтылыққа тәрбиелеуде өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруда мұражайлардың алатын рөлі ерекше. Мұражайға саяхат жасау ол ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.
— Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты сарбаздардың елін, жерін сүюге, бірлік пен ынтымақтастықты жақтауға, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға, ұлттық құндылықтарымызды мақтан етуге тәрбиелей отырып «Біртұтас Ел — Біртұтас Жер» қағидасының идеологиялық мазмұнын сарбаздардың сезінуіне қалыптастыру болып табылады, — деді 54380 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Асхат Оспанов.
Мұражайды аралау сәтінде сарбаздар көптеген тың мәліметтерден құлағдар болды. Танысу барысында мұражай қызметкері оларға мұражайдағы көне тарихтың куәсі болған құнды жәдігерлер туралы айтып қызықты мәліметтер туралы сыр шерті. Мұражай аралау сәтінде сарбаздар үлкен ұлы сезім, патриоттық рухқа бөленді. Сарбаздар үшін және қоғам үшін мұражай тәрбиенің қайнар көзіне айналмақ!
Айта кетсек, бүгінгі күні мұражай қорын 24 524 экспонат құрайды, оның ішінде 10934 экспонат негізгі қорға жатады. Мұражай залдары қала тұрғындары мен қонақтарына өлкенің бай, әрі сұлу табиғаты мен өткен және қазіргі тарихы туралы сыр шертеді.