Қазақстанда жұмыс орындарын субсидиялау және жұмыс берушілерге квота бөлу тәртібі жаңартылды
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібін жаңартты. Енді қызметкер қабылдайтын ұйымдар субсидияланатын жұмыс орындарын ашу үшін бұрынғыға қарағанда икемдірек талаптармен қатыса алады. Сонымен қатар бұл бағыттағы барлық негізгі рәсім электронды форматқа көшіріліп, жұмыс берушілерге қойылатын талаптар нақты әрі түсінікті етілді.
Кімдер қатыса алады?
Субсидияланатын жұмыс орындарын мансап орталықтары жұмыс берушілердің өтініші негізінде ұйымдастырады. Мұндай жұмыс орындарын ашуға коммерциялық заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары, әлеуметтік кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволары мен бағынысты ұйымдары өтініш бере алады. Сондай-ақ дауыс беретін акцияларының немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің 50 және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар да қатыса алады. Үкіметтік емес ұйымдар, олардың филиалдары мен өкілдіктері де бұл тізімде бар.
Бұл ретте жұмыс берушілердің әр санатына қойылатын талаптар мен жұмыс орындарының саны әртүрлі. Яғни барлық жұмыс берушіге бірдей талап қолданылмайды, олардың қызмет түрі мен мәртебесіне қарай жеке тәртіп белгіленген.
Сонымен бірге жұмыс берушінің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, барлығына ортақ бірқатар талап бар. Олар кемінде 12 айдан бері жұмыс істеп келе жатқан болуы керек. Сондай-ақ ол банкроттық рәсімінде болмауы, экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы заң талаптарын сақтауы және бұған дейін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары аясында жасалған шарттарды тиісінше орындауы қажет.
Бұдан бөлек, жан басына шаққандағы мемлекеттік тапсырыс бағдарламалары, инфрақұрылымдық мемлекеттік сатып алулар немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету аясында бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда субсидияланатын жұмыс орындары ашылмайды.
Бұл талап бір шығынның мемлекеттік бюджеттен екі рет қаржыландырылуына жол бермеу үшін енгізілген. Яғни мемлекет қаржысы бір жұмыс орнына немесе бір шығынға бірнеше бағдарлама арқылы қайталанып жұмсалмауға тиіс. Осы арқылы бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалану көзделеді.
Субсидияланатын жұмыс орындарының саны жұмыс берушінің санатына байланысты белгіленеді.
Үкіметтік емес ұйымдар үшін республикалық маңызы бар қалаларда 1-ден 10-ға дейін, ал өңірлерде 1-ден 5-ке дейін субсидияланатын жұмыс орнын ұйымдастыруға болады. Бұл ретте үкіметтік емес ұйымдар Үкіметтік емес ұйымдардың ресми дерекқорында тіркелген болуы қажет.
Коммерциялық ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары және әлеуметтік кәсіпкерлер үшін 1-ден 5-ке дейін субсидияланатын жұмыс орны қарастырылған.
Бұл санатқа жататын жұмыс берушілердің жалақы бойынша қарызы болмауға тиіс. Олар соңғы 12 айда әлеуметтік төлемдерді тұрақты аударып келген болуы керек. Сонымен бірге бағдарламаның алдыңғы кезеңдеріне қатысқан азаматтарды тұрақты жұмысқа қабылдауы қажет.
Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін де 1-ден 5-ке дейін субсидияланатын жұмыс орны қарастырылған.
Ал ауылдық әкімдіктер мен коммуналдық кәсіпорындарға қатысты бөлек тәртіп қолданылады. Олар үшін субсидияланатын жұмыс орындарының саны ауылдағы халықтың санына қарай белгіленеді. Мұндай жұмыс орындарының саны ауыл тұрғындарының жалпы санының 2 пайызынан 5 пайызына дейін болуы мүмкін....
Министрлік туралы Комитеттер Қызметі Құжаттар Баспасөз орталығы Байланыс ақпараты «Тұмар» және «Үркер» мерейтойлық сыйлықтарына...
Qazaqstan Media Awards аясындағы «Тұмар» және «Үркер» мерейтойлық ұлттық сыйлықтарына өтінім қабылдау мерзімі 2026 жылғы 6 қазанға дейін ұзартылды.
Өтінімдер байқаудың ресми QMA.kz сайты...
Патриоттық акциялар мен туристік бағыт жорықтары: Жетісуда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтуде
Жетісу облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай таулы туристік бағыт бойынша жаппай сауықтыру акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға спортшылар, жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер мен салауатты...
Магистратура бойынша 2026–2027 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды
Магистратура бойынша 2026–2027 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды.
Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.
Магистратура бойынша...
Отопительный сезон в Жетісу: основные объекты и сети подготовлены к зиме
В области Жетісу завершается комплексная подготовка объектов тепло-, водо- и электроснабжения к предстоящему отопительному сезону. Основное внимание уделяется обеспечению надежной работы коммунальной инфраструктуры, готовности...
Үкімет Алакөл көлінде жағалауды қорғайтын бөгет салуға 3 млрд теңге бөлді
Мемлекет басшысының су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Жетісу облысы Алакөл көлі жағалауын қорғайтын бөгет салу жобасын жүзеге асыруға Үкімет резервінен 3...
Жетісудағы шекаралық аймақта өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді
Жетісу облысында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасымен өңірдегі сегізінші өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Бұл бастама азаматтық қорғау жүйесін дамытуға және ауылдық жерлердегі өрт қауіпсіздігі деңгейін...
Creative Aimaq аясында Жетісу облысының креаторлары 2 млн теңгенің өнімін сатты
Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Creative Aimaq республикалық жобасы аясында «Жетісу – Елорда төрінде» жәрмеңкесі ашылды. Іс-шара өңірдің дәстүрлі қолөнерін, цифрлық технологияларын, заманауи дизайнын,...
Болашақ аналар жүктілік пен босануға байланысты төлемдерді енді мобильді қосымша арқылы рәсімдей алады
Елімізде әлеуметтік қолдау қызметтерін алу жеңілдей түспек. Енді қазақстандық әйелдер жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлемді үйден шықпай-ақ, Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы рәсімдей алады....
«Іскер аймақ» бағдарламасы бойынша шағын бизнесті субсидиялау шарттары жаңартылды
Қазақстанда шағын бизнесті қолдауға бағытталған «Іскер аймақ» бағдарламасы бойынша субсидиялаудың жаңа ережелері күшіне енді. Бағдарламаны «Даму» КДҚ жүзеге асырады. Өзгерістер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026...






























