Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
Құрметті жиынға қатысушылар!
Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясын ашық деп жариялаймын.
Құрметті Парламент депутаттары!
Қадірлі қауым!
Баршаңызды жаңадан сайланған Парламенттің алғашқы сессиясының ашылуымен құттықтаймын! Сайлауда жеңіске жетіп, депутат атанған азаматтардың қызметіне табыс тілеймін! Сіздер мемлекетімізді дамыту және ел мүддесін қорғау ісіне үлес қосасыздар деп сенемін.
Мен бір жыл бұрын, осы ғимаратта халыққа жолдауымды жарияладым. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси...
1218 пәтер заңсыз берілген
Жетісу облысының орталығында 2013-2021 жылдар аралығында 1200-ден астам баспана заңсыз үлестірілген. Осыған байланысты қазір қала әкімдігі, облыстық, қалалық прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті өкілдері мәселенің анық-қанығын анықтауда. Бұл туралы Талдықорғандағы Журналистер үйінде өткен баспасөз жиынында қала әкімі Әсет Масабаев мәлімдеді.
Шаһар басшысының айтуынша, аймақта баспана жайы қазір өте өзекті мәселе болып тұр. Заңсыз берілген пәтерлер бойынша бірнеше жылдан...
Көпбалалы ана баспаналы болды
Бүгінде еліміздің әр аймағында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен қолға алынған «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы жалғасуда. Осыған дейін аталған қайырымдылық шарасы аясында жалпы ел аумағында тұрмысында қиыншылығы бар көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі, жетім-жесір жандардан қыруар адам баспаналы болған еді.
Рамазан айының алғашқы жұмасы күні Жетісу облысының бас имамы Алмас қажы Сағидоллаұлы қалалық «Тәубе» мешітінде жұма уағызы мен...
Тың өзгерістер бастауы
Гүлниса Тұлымшақова, Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты, "Болашақ" БПҰ төрайымы:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші сессиясында референдумнан кейінгі еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде болып жатқан өзгерістерге тоқталып, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасының мемлекетіміздің басты тірегі ретінде қарқынмен жұмыс істей бастайтынын айтып, жаңадан сайланған депутаттарға маңызды міндет ретінде жүктелетінін, ел игілігі үшін жасалатын...
Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханасының дәрігерлері мерекесі кезінде 18 ота жасады
Наурыз-жаңа жыл мен көктем мерекесі болғандықтан бұл күндері тұрғындар 3 күн қатарынан демалды. Бірақ дәрігерлер мен алғашқы медициналық көмек қызметкерлері науқастарды қабылдап, тіпті күрделі операциялар жасады. Осы орайда Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханасының дәрігерлері 80-нен астам науқасты шұғыл тексеріп, 18 ота жасады.
Мысалға, хирургия бөліміне 12 науқастың 10-на хирургиялық ота қажет болған. Хирургиялық емдеу әдісі басқа негізгі әдістен тіндердің қосылуы мен...
Жетісулық білімді өрендер жүлдемен оралды
Биылғы оқушылар арасындағы білім сайысы-республикалық олимпиада Шымкентте өткізілгелі баршаға аян.
Білім саласындағы озық көрсеткіштердің нәтижесінде биыл алғаш рет республикалық олимпиада алаңы Шымкенттен таңдалып алынған еді. Айта кетейік, бұл өңірдің оқушылары соңғы үш жылда республикалық пән олимпиадаларында топ жарған еді.
Республикалық білім жарысы 20-25 наурызда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің базасында ұйымдастырылды. Математикалық-жаратылыстану бағытында өткен сында Жетісу облысының жас дарындары 3...
Волейболдан жолдастық кездесу өтті
«Менталды және физикалық денсаулық» апталығы аясында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті арасында «Волейболдан жолдастық кездесу» өтті.
Қос университет арасындағы волейбол бәсекесі тартысты өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінен барған делегация мүшелері Қыздар педагогикалық университетіне экскурсия жасады. Университет басшылығы мен ұжымына алғыс білдіріп, Спорттағы жетістіктері және спорттық имидж қалыптастырғаны үшін арнайы медальдар табыстады....
Мерзімді әскери қызметке көктемгі шақырылым науқаны басталды
ҚР МКҚ қатарындағы мерзімді әскери қызметке көктемгі шақырылым науқаны басталды.
2023 жылғы 24 наурыз – 15 сәуір аралығында аймақтардағы әскери басқару органдарында үміткерлерді іріктеу жүргізіледі.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- жас мөлшері 18-27 жас;
- бойы 180 см-ден төмен емес және 195 см-ден жоғары емес;
- білімі: жалпы орта, орта арнаулы, жоғары.
Ескерту:
- бойы 185 см-ден жоғары;
- жоғары білімді;
- спорттық разряды бар үміткерлерге басымдық беріледі
Іріктеуден өткен...
Облыста білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі күшейтіледі
Жетісу облысының білім беру ұйымдарында қауіпсіздік күшейтіледі.
Осыған дейін өңірдегі 108 мекеме арнайы күзет қызметінің бақылауына берілген. Ал биыл тағы 141 мектепті, балабақша мен колледжді кәсіби мамандар күзетеді.
Сонымен қатар өңірдегі 200-ден аса білім ошағының ішкі және сыртқы бейнебақылау камералары жаңартылады. Құрылғының бейнежазбаны сақтайтын жадын ұлғайту жоспарланған. Әрі оқушылардың бет-бейнесін анықтайтын жүйеге негізделген турникеттер орнатылмақ.
Жетісу облысында туберкулезге қарсы күрес айлығы өткізілді
Журналистер үйінде «Туберкулездің алдын алу және қазіргі эпидемиологиялық жағдай туралы» БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихаты өтті. Талдықорған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Сәкен Мелдебаев пен Жетісу облысы фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Ертай Көбелдесов аталмыш аурудың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар турасында баяндады.
2021 жылы Талдықорған қаласы бойынша туберкулездің 46 жағдайы тіркелді, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 74-ке жетті. Одан бөлек,...




























