Гүлниса Тұлымшақова, Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші сессиясында референдумнан кейінгі еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде болып жатқан өзгерістерге тоқталып, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасының мемлекетіміздің басты тірегі ретінде қарқынмен жұмыс істей бастайтынын айтып, жаңадан сайланған депутаттарға маңызды міндет ретінде жүктелетінін, ел игілігі үшін жасалатын өзгерістер үдерісінде болып, маңызды шешімдер қабылдайтынын және сол үшін жұрт алдында жауап беретінін қызметті атқаруға тиіс екенін айтты. Қазақстанда іскерлік белсенділікті ынталандыру, еліміздің өндірістік әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды дамытуға қатысты ұстанымдарды қайта қарау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам капиталының сапасын арттыру, әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарды қолдау, адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін және стратегиялық жоспарлаудың сапасын көтеру мәселелеріне назар аударып, Үкіметке бірқатар тапсырмалар берді. Мақсаттар айқындалып, жоспарлар жүйеленіп болғансоң, бұрындағындай заң жобасын Мәжіліс мақұлдап, Сенат қабылдайтын жүйемен емес, заң қабылдау құзыретінің Мәжіліске берілгенін айтты. Осылайша, жоғары өкілді органның- ықпалды Парламентке айналғанын мысал етіп, алдағы уақытта Парламент халыққа жұмыс жасайтын тиісті заң жобаларын қабылдап, тың өзгерістерге бастауы қажет екендігін мәлімдеді.
Іске сәт,әріптес -Депутаттар! Халық үшін жасаған жұмыстарыңыз абыройлы болғай!