Волейболдан жолдастық кездесу өтті

379

 «Менталды және физикалық денсаулық» апталығы аясында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті арасында «Волейболдан жолдастық кездесу» өтті.

Қос университет арасындағы  волейбол бәсекесі тартысты өтіп,  жеңімпаздар марапатталды. Ілияс Жансүгіров атындағы  Жетісу университетінен барған делегация мүшелері Қыздар педагогикалық университетіне экскурсия жасады. Университет басшылығы мен ұжымына алғыс білдіріп, Спорттағы жетістіктері және спорттық имидж қалыптастырғаны үшін арнайы медальдар табыстады. Кездесу барысында алдағы уақытта әріптестікке бағытталған екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық мәселелері мен болашағы  да талқыланды.

 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор  Гүлмира Әмірханқызы  Жетісу университетінің басшылығына салауатты өмір салтын дамытуға қосқан үлесі мен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз