Жетісулық білімді өрендер жүлдемен оралды

716

Биылғы оқушылар арасындағы  білім сайысы-республикалық олимпиада Шымкентте өткізілгелі баршаға аян.

Білім саласындағы озық көрсеткіштердің нәтижесінде биыл алғаш рет республикалық олимпиада алаңы Шымкенттен таңдалып алынған еді.  Айта кетейік, бұл өңірдің  оқушылары  соңғы үш жылда республикалық пән олимпиадаларында топ жарған еді.

Республикалық  білім жарысы 20-25 наурызда  М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің базасында ұйымдастырылды. Математикалық-жаратылыстану бағытында өткен сында Жетісу облысының жас дарындары  3 күміс, 3 қола және үздіктерге берілетін 1 грамотаға ие болды. Барлық қатысушылар сертификаттарға ие болды. Білім додасында үздік нәтижеге қол жеткізген дарындарға бәрекелді дейміз!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз