«QazaqGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалы жылу беру маусымын табысты аяқтады

3

«QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның Жетісу өндірістік филиалы 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымын табысты аяқтап, тұтынушыларды газбен үздіксіз қамтамасыз етті. Жоспарланған барлық іс-шаралар толық көлемде және мерзімінен бұрын орындалды.

Маусымға дайындық алдыңғы кезең аяқталғаннан кейін бірден басталды. Жаз мезгілінде 16 812 бірлік шкафтық реттеу пунктіне және 13 бірлік электрохимиялық қорғаныс құралдарына ағымдағы жөндеу жүргізіліп, газ тарату желілеріне диагностика жасалды. Дайындық паспорты 2025 жылғы 2 қыркүйекте бекітілді.

Жылыту кезеңінде профилактикалық іс-шаралар кешені жүзеге асырылып, халық арасында газды қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, филиал қызметкерлері газбен жұмыс істеу қауіпсіздігі бойынша рейдтік (обходтық) жұмыстар жүргізіп, ескертпелер мен ақпараттық материалдарды таратты. Апаттық-диспетчерлік қызметке 2 879 өтінім түсіп, барлығы уақытында орындалды. Сондай-ақ 2025 жылғы 1 қазаннан бастап «112» нөмірі арқылы газ қауіпсіздігі бойынша SMS-хабарламалар жіберілуде.

Сонымен қатар 3 858 жаңа тұтынушы газ жүйесіне қосылды. Нәтижесінде Талдықорған қаласында жылыту маусымы штаттық режимде өтіп, газбен жабдықтау толық әрі қауіпсіз қамтамасыз етілді. Филиал алдағы уақытта да газбен жабдықтаудың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру жұмыстарын жалғастырады.

 «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз