Жетісу облысының білім беру ұйымдарында қауіпсіздік күшейтіледі.
Осыған дейін өңірдегі 108 мекеме арнайы күзет қызметінің бақылауына берілген. Ал биыл тағы 141 мектепті, балабақша мен колледжді кәсіби мамандар күзетеді.
Сонымен қатар өңірдегі 200-ден аса білім ошағының ішкі және сыртқы бейнебақылау камералары жаңартылады. Құрылғының бейнежазбаны сақтайтын жадын ұлғайту жоспарланған. Әрі оқушылардың бет-бейнесін анықтайтын жүйеге негізделген турникеттер орнатылмақ.