Мерзімді әскери қызметке көктемгі шақырылым науқаны басталды

378

ҚР МКҚ қатарындағы мерзімді әскери қызметке көктемгі шақырылым науқаны басталды.
2023 жылғы 24 наурыз – 15 сәуір аралығында аймақтардағы әскери басқару органдарында үміткерлерді іріктеу жүргізіледі.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
– жас мөлшері 18-27 жас;
– бойы 180 см-ден төмен емес және 195 см-ден жоғары емес;
– білімі: жалпы орта, орта арнаулы, жоғары.
Ескерту:
– бойы 185 см-ден жоғары;
– жоғары білімді;
– спорттық разряды бар үміткерлерге басымдық беріледі
Іріктеуден өткен сарбаздар қызметті элиталық әскери құрылым – Астана қаласындағы “Айбын” президенттік полкінде өтеді.
Ақпарат алу үшін хабарласыңыз:
-тұрғылықты жердегі қорғаныс істері бойынша департамент (басқарма, бөлім);
-ҚР МКҚ өкілі +77076787622.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз