Жетісу облысының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорған қаласында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға облыс орталығы мен аудандардан барлығы 12 адам жазылды. Көтерілген мәселелердің басым көпшілігі мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана сұрау мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөнінде болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ескелді ауданының тұрғыны Балтабай Берденбеков өңір басшысының алдында бірнеше мәселе көтеріп, ұсыныстарын білдірді. Ол мал шаруашылығы саласында,...
Жаңғыруға жаңа жол ашады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясындағы сөйлеген сөзінде маңызды мәселелер қамтылды. Онда бүгінгідей қиын-қыстау кезде елімізді дағдарыстан шығарудың нақты қадамдары, халық тұрмысын жақсартудың жаңа бағыттары аталды. Әр салада осыған дейін сақталып келген қордалы мәселелерге сын айтылып, оларды шешудің тың жолдары ұсынылды.
Соның ішінде Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін ескертті. Осы орайда...
Назарбаев Университетінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі туралы дәріс өтті
Биыл 6 сәуірде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезі мен Декларациясы туралы Назарбаев Университетінің студенттеріне дәріс оқыды.
Дәріс мақсаты - Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары Съезінің негізгі месседждерін, VII Съездің қорытынды Декларациясын талқылау.
Дәріс барысында Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев студенттер мен оқытушылар құрамын бейбіт өмір сүрудің, толерантты қоғам құрудың және...
Оқу жылы қашан аяқталатыны белгілі болды
2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы қабылданды.
Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова Facebook-тегі парақшасында жазды.
Бұйрық бойынша:
Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары 2023 жылғы 31 мамырда аяқталады.
9 (10)-сыныптарда білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2023 жылғы 2-13 маусым аралығында өткізіледі.
11...
Елдің тыныштығы бәрінен қымбат
Ерлан Иманғалиев, Жетісу облысы бойынша қазақ күресінен бас жаттықтырушы:
-Кез келген елдің тілегі де, оның арманы да халқының бейбітшілігін сақтау екені сөзсіз. «Бірлігі күшті ел азбайды»- деп халқымыз тегін айтпаған. Еліміздің экономикасын дамыту, халқының қауіпсіздігін нығайту арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету алдымызда тұрған барша қазақстандықтардың міндеті. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанды бірлесе құру» туралы тұжырымдарын қолдаймыз. Ел бірлігі — жаңарған Қазақстан...
Берекелі елдің іргесі бекем
Бүгінде ұлан-ғайыр қазақ даласында 130 – дан астам ұлт пен ұлыстың өкілі бар. Олар бір атаның баласындай тыныш ынтымақта, қазақ халқының мейірбандық, қонақжайлық, кеңпейілділігінің арқасында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Міне, бұл, Ата Заңымызда анық көрсетілген еліміздің құқықтық, демократиялық зайырлы мемлекет екендігінің айқын бір дәлелі. Ал, елдің өсіп-өркендеуі, дамуы, халықтың тыныштығы мен береке-бірлігінің арқасында. Кешегі батыстан Астанаға барған мұнайшылар ісі...
Үздік ғылыми қызметкерлер марапатталды
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ғылым күніне арналған «Студенттік ғылым: 2022 жылдың қорытындылары» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің спикерлері ғылым саласында инновация мен оң өзгерістер туралы өз ойларын ортаға салды. Жаратылыстану жоғары мектебі деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары магистр, Әйгерім Абдулаева Қазақстандағы ғылымды дамытудың өзекті мәселелеріне тоқталды.
Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Алефтина Бахтаулова университеттің ғылыми жетістіктерін атап өтті.
Ол өз...
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады, деп хабардайды Akorda.kz.
Президентке еліміздегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде есеп берілді. Атап айтқанда, бірінші тоқсанда 500-ден астам жемқорлық қылмыс тіркеліп, 400-ден аса тұлғаның жемқорлық әрекеті әшкереленді. Оның 53-і әртүрлі деңгейдегі басшылар.
Асхат Жұмағалидың айтуынша, биыл 23 қаңтардан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған «Бизнеске...
Медицина мен білім берудің жетістіктері мен өзекті мәселелері
Талдықорған жоғары медициналық колледжінде «Қазіргі заманғы медицина мен білім беруді дамыту: өзекті мәселелер, жетістіктер мен инновациялар» атты консилиум ұйымдастырылды. Жалпы алғанда медицина мамандарын даярлау жүйесін жетілдіру, өзара тәжірибе алмасу, жаңашылдық пен жаңа мүмкіндіктерді ашуға ықпал етуді көздеген жиынға аталмыш оқу орнына арнайы Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Шыршық қаласының «Шыршық медициналық колледжі» оқытушылары келді.
Халықаралық жиынды колледж директоры, м.ғ.к Серік Жансеңгіров...
Жетісу облысының аумағын кенеден тазарту жұмысы басталды
Журналистер үйінде «Жетісу облысының аумағын кенелерден тазарту» тақырыбында БАҚ өкілердерімен брифинг өтті. Жиынға Жетісу облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Е.Сыдыманов пен Талдықорған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы С.Мелдебаев спикер ретінде шақырылыпты.
Кене энцефалиті – кене энцефалитінің вирустарымен шақырылатын, бас миының және жұлынның зақымдалуымен өтетін, табиғи-ошақтық ауру.
Қазіргі таңда облыс көлемінде қандай жұмыстар атқарылып жатқандығы турасында бас санитар дәрігер баяндап берді.
Ерғали Жақсыбекұлы:
«Жетісу...





























