Берекелі елдің іргесі бекем

491

Бүгінде ұлан-ғайыр қазақ даласында 130 – дан астам ұлт пен ұлыстың өкілі бар. Олар бір атаның баласындай тыныш ынтымақта, қазақ халқының мейірбандық, қонақжайлық, кеңпейілділігінің арқасында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Міне, бұл, Ата Заңымызда анық көрсетілген еліміздің құқықтық, демократиялық зайырлы мемлекет екендігінің айқын бір дәлелі. Ал, елдің өсіп-өркендеуі, дамуы, халықтың  тыныштығы мен береке-бірлігінің  арқасында. Кешегі батыстан Астанаға барған мұнайшылар ісі бәрімізді алаңдатты. Себебі, бүгінгідей қиын-қыстау кезеңдерде тыныштықты сақтап, елдің бірлігін бекемдеу ауадай қажет. Берекелі елдің іргесі қашанда бекем. Менің ел алдында жүрген аймақтың ақсақалы ретінде айтарым  азаматтарымыз өткен жылғы қаңтар оқиғасынан сабақ алып  ешқандай заң бұзушылыққа жол бермеуі тиіс. Елімізді, жерімізді көздің қарашығындай қорғау әр азаматтың маңдай алды борышы.  Сөз соңында айтарым, еліміз аман, жеріміз тыныш, қасиетті Рамазан айы  құтты болсын!

                                                                                                                            Ермек КЕЛЕМСЕЙІТ, Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз