Жетісу облысының аумағын кенеден тазарту жұмысы басталды

425

Журналистер үйінде «Жетісу облысының аумағын кенелерден тазарту» тақырыбында БАҚ өкілердерімен брифинг өтті.  Жиынға Жетісу облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Е.Сыдыманов пен Талдықорған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы С.Мелдебаев спикер ретінде шақырылыпты.

 Кене энцефалиті – кене энцефалитінің вирустарымен шақырылатын, бас миының және жұлынның зақымдалуымен өтетін, табиғи-ошақтық ауру.

Қазіргі таңда облыс көлемінде қандай жұмыстар атқарылып жатқандығы турасында бас санитар дәрігер баяндап берді.

Ерғали Жақсыбекұлы:

«Жетісу облысының Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары кене энцефалитінен эндемиялық аймақтарға жатады.  Жыл сайын облыста бес жағдайға жуық кене энцефалиті тіркеледі. Сырқаттанушылықтың маусымдылық кезеңі наурыз – қазан айлары аралығы. Аурудың алдын алу мақсатында сәуір айынан бастап кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Облыста өңдеу жүргізілетін аумақ көлемі 230га құрайды. Аудан, қала және елді – мекен кесіндісінде өңдеу жүргізілетін аумақ көлемі бекітілген.

Кенелерге қарсы өңдеуге жататын аумақтар Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларының өзен жағалауы, бұлақ суы маңайы, шатқалдар, таулы аумақтар, қайыңдар тоғайы, саябақ маңайы, жаппай демалыс ашық аймақтары, зират маңайы. Бүгінгі таңда Ұлттық сараптама орталығымен өңдеуге арналған 230 л «Фаворит» дәрісі жеткізіліп (5млн. 552 мың теңгеге сатылып алынды), барлық аудан, қалаға таратылды. 10 сәуірден  бастап өңдеу жұмыстары Алакөл, Ескелді аудандарында жүргізілуде.

Бірлескен бұйрық негізінде, 7 ауданның 27 елді мекеніне 6 бригадамен, энтомологиялық көрсеткіштер мен ауа райының қолайлы болжамына сәйкес кенеге қарсы өңдеу жұмыстарының 1-ші туры 2023 жылдың сәуір – мамыр, 2-ші туры мамыр – маусым айлары аралығында жүргізіледі»-,- деді.

Кене энцефалитінің эпидемиологиялық маусымдылық кезеңінің басталуына байланысты 2023 жылдың  6-сәуірінен бастап апталық мониторинг  жүргізілуде. 1-ші апталық мониторингке сәйкес, облыс бойынша кене шағумен медициналық көмекке 35 адам жүгінді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар  46% құрады (16 жағдай). Былтырғы жылмен салыстырғанда, кене шағумен медициналық көмекке жүгінген адам саны 9 жағдайға жоғарылаған (2022ж. — 26).

Кене шағу жағдайлары Панфилов (6), Ақсу, Ескелді (3), Қаратал (2), Кербұлақ, Сарқан (1) аудандары мен Текелі (10), Талдықорған (9) қалаларында орын алды.

Бүгінгі күнде Талдықорған қаласы бойынша кене шағудың 15 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 0,76 құрады, 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда – 13 жағдайға өсті (2жағдайдан 15-ке дейін), оның ішінде  14 жасқа дейінгі балалар арасында — 7 жағдай тіркелді.

13-14 сәуір күні  қаладағы Ардагерлер саябағында өндеу жұмыстарын Ұлттық сараптама орталығының  мамандарымен «Фаворит» дезинсекциялық препараттын қолдану арқылы жүргізіледі.  Қайта өндеу жұмыстары мамыр айында өткізіледі.

Сәкен Жамбылұлының  айтуынша, 2023 жылы наурыз айында басқарма мамандарымен  200 дана кене жиналды, жиналған кенелерді Ұлттық сараптама орталығының  аса қауіпті зертханасына жіберілді. Қала тұрғындары арасында кене энцефалитімен сырқаттанушылықтың алдын алу мақсатында табиғатқа шығу, саябақтарда серуендеу және аумақты жинау кезінде жабық киімді кию; ашық түсті киім кию; сағат сайын шаштың арасын, құлақтын тұсын, қолтық пен шаптың маңайын мұқият  карау; киім-кешекті мұқият қарау ұсынылады.

Егерде, кене шағып алған жағдайда 72 сағат ішінде жарақат тану  пунктіне  көмекке жүгіну керек (Талдықорған қалалық көпсалалы  аурухана, көпбейінді балалар ауруханасы),  кенені алып тастау үшін және шұғыл иммунопрофилактика жүргізу үшін.

Кейін  жарақаттану пункті медицина қызметкерлері  науқасты мекенжайы бойынша емханаға  келуге міндеттеп,   21 күн   бақылайды.

 

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз