Үздік ғылыми қызметкерлер марапатталды

229

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ғылым күніне арналған «Студенттік ғылым: 2022 жылдың қорытындылары» атты дөңгелек үстел өтті.   Дөңгелек үстелдің спикерлері ғылым саласында инновация мен оң өзгерістер туралы өз ойларын  ортаға салды. Жаратылыстану жоғары мектебі деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары магистр, Әйгерім Абдулаева Қазақстандағы ғылымды дамытудың өзекті мәселелеріне тоқталды.

Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Алефтина Бахтаулова  университеттің ғылыми жетістіктерін атап өтті.

Ол өз сөзінде өткен жылы  білім ордасында Жаратылыстану бағыты бойынша постдокторантура  ашылғандығын, ғылыми зерттеулерді қолдау мақсатында биыл 4 халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылғандығын жеткізді. Конференция нәтижесінде 30-дан астам ғылыми мақала жарық көріп, «Scopus» және «Web of Science» халықаралық мәліметтер базасына енген.

Сондай-ақ, проректор   «Горизонт» бағдарламасы бойынша Еуропалық Одақтың қолдауымен 2 халықаралық жоба орындалып жатқанын айтты.

Жиын соңында университет ғылымын дамытуға қосқан үлестері үшін жоғары мектеп декандары, студенттер мен жетекшілері  Ғылым және жоғары білім министрлігінің, университет  ректорының Құрмет грамотасымен марапатталды.

 Әйгерім ИЕБЕКОВА.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз