Елдің тыныштығы бәрінен қымбат

430

Ерлан  Иманғалиев, Жетісу облысы бойынша қазақ күресінен бас жаттықтырушы:

-Кез келген елдің тілегі де, оның арманы да халқының бейбітшілігін сақтау екені сөзсіз. «Бірлігі күшті ел азбайды»-  деп халқымыз тегін айтпаған.  Еліміздің экономикасын дамыту, халқының қауіпсіздігін нығайту арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету алдымызда тұрған барша қазақстандықтардың міндеті.  Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанды бірлесе құру» туралы тұжырымдарын қолдаймыз. Ел бірлігі — жаңарған  Қазақстан тірегі  деп ойлаймын.

 Өйткені, бейбіт өмір бақыт, береке, бірлік әкелумен бірге, өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз «Байлық байлық емес, бірлік  – байлық» деп бекер айтпаса керек. Бұқара халық әрдайым ты­ныш­тықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді қалайды. Ал ұрпағы­мыздың  амандығы келешегінің кемел­дігін білдіреді. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат небір сұрапыл соғыстардан көз ашпады. Қаншама елдер соғыс зардабынан құлдырап, азып-тозды. Талай жазықсыз жандар сол зұлматтың зардабын шекті.  Сондықтан да, еліміздегі тұрақтылықты сақтау өте маңызды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз