Биыл 6 сәуірде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезі мен Декларациясы туралы Назарбаев Университетінің студенттеріне дәріс оқыды.
Дәріс мақсаты — Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары Съезінің негізгі месседждерін, VII Съездің қорытынды Декларациясын талқылау.
Дәріс барысында Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев студенттер мен оқытушылар құрамын бейбіт өмір сүрудің, толерантты қоғам құрудың және конфессияаралық диалогтың қазақстандық моделімен таныстырып, VII Съездің қорытындылары туралы, оның халықаралық аренада ерекше рөлін атап өтті: «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі –бейбітшілік пен келісімді, әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті, сондай – ақ, Қазақстан Республикасының халықаралық беделін нығайтуға бағытталған өркениетаралық, дінаралық және конфессияаралық диалогты насихаттау мен ілгерілетудің ұзақ мерзімді жолы деп айтуға болады».
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Съезд туралы дәрістер Алматыда – «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Астанада- Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Қарағандыда — Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде, Түркістанда- Х.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтті