Медицина мен білім берудің жетістіктері мен өзекті мәселелері

462

Талдықорған жоғары медициналық колледжінде  «Қазіргі заманғы медицина мен білім беруді дамыту: өзекті мәселелер, жетістіктер мен инновациялар» атты консилиум ұйымдастырылды. Жалпы алғанда медицина мамандарын даярлау жүйесін жетілдіру, өзара тәжірибе алмасу, жаңашылдық пен жаңа мүмкіндіктерді ашуға ықпал етуді көздеген жиынға аталмыш оқу орнына арнайы Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Шыршық қаласының «Шыршық медициналық колледжі» оқытушылары келді.

Халықаралық жиынды колледж директоры, м.ғ.к  Серік Жансеңгіров ашты. «Бүгінгі басқосу екіжаққа да тиімді тәжірибе алмасу бағытын көздейтіндіктен өте маңызды деп есептеймін. Өзбекстандық әріптестерге қош келдіңіздер деймін.  Жұмысымызға сәттілік тілеймін»,-деді.

Өз кезегінде Талдықорған қаласына ат басын бұрған қонақтар да сөз алды. Шыршық медицина колледжі директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Мухаббат Дилаварова, арнайы пән оқытушылары Гулноз Умирова, Севара Исматуллаева, Марина Дусакулова әріптестеріне ыстық ықыластарын жолдады. Алдағы уақытта ынтымақтаса жұмыс жасайтындықтарын білдірді.

Конференция барысында  әртүрлі өзекті  тақырыптарға мамандар баяндама жасады. Бүгінгі қолданбалы бакалавр мамандарын дайындаудағы өзекті мәселелер,  дуальды оқыту, академиялық дербестіктің техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарындағы мүмкіндіктері  турасындағы мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, тәжірибелік бөлімде арнайы пән оқытушылары өз ойларын ортаға салды. Бұл халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Медициналық білім беруді дамытудың өзекті мәселелері мен болашағы» тақырыбында қорытындыланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз