Скам-алаяқтық: бұл не және одан қалай қорғануға болады
Соңғы бірнеше жылда қоғамда скам сияқты құбылыс туралы көбірек айтыла бастады. Ағылшын тілінен аударғанда scam сөзі «афера» немесе «алаяқтық» дегенді білдіреді. Негізінде, скам – бұл тез пайда табу мен байып кетуді мақсат ететін алаяқтық инвестициялық жоба.
Алаяқтықтың бұл түрі туралы не білу қажеттілігін және одан қалай қорғану керектігін Fingramota.kz-пен бірге анықтаймыз.
Скамның қандай түрлері бар
Инвесторлар арасында уәде етілген дивидендтер мен...
Спуфинг: қалай кибершабуылдың құрбаны болмау қажет
Fingramota.kz цифрлық технологиялар пайдаланылатын интернет-алаяқтықтың негізгі әдістері туралы жарияланымдар сериясын жалғастыруда. Бүгін біз спуфинг деп аталатын алаяқтықтың кең таралған түрін және одан қалай қорғануға болатынын қарастырамыз.
Спуфинг (ағыл. spoofing – алмастыру, алдау, пародия) – алаяқ маңызды деректерге немесе ақпаратқа қол жеткізу үшін өзін сенімді тарап ретінде көрсететін кибершабуылдың заманауи түрі. Әрекет web-сайттар, электрондық пошта, телефон қоңыраулары, мәтіндік хабарлар, коммуникациялық желілер...
Мереке құрметіне Мемлекеттік Ту көтерілді
Республика күніне орай Талдықорғандағы «Жастар» паркінің алаңында Мемлекеттік Ту көтеру салтанаты өтті.
Бұл саябақта 92 метрлік ту тұғырында Мемлекеттік Ту орнатылған. Салтанатты шараны музыкалық жағынан әскери оркестр сүйемелдеді.
Ту көтеру салтанатына облыс әкімі Бейбіт Исабаев, Талдықорған қаласы әкімі Ернат Бәзіл және мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, қоғам қайраткерлері, әскери қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар, қала тұрғындары...
Сауатты жарнама –тіл абыройы
Республика күні қарсаңында облыс орталығындағы Тіл сарайында Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалы бірлесіп «Тілдік ахуал: көрнекі ақпарат, жарнама тілі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің облыстық, аудан, қалалық филиалдарының төрағалары, тілге жауапты мамандар мен тіл оқыту орталықтарының оқытушылары, кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері,зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысты.
Өңірде...
Рухымыз биіктеп, елдігіміз нығая бергей!
Төрт құбыласын түгендей бастаған мемлекетіміздің іргелі елге айналуы халқының береке,бірлігінде. Ұрпақ алдындағы зор жауапкершілік-тәуелсіздігіміздің берік болашағын қамтамасыз етумен қатарқұқықтық,азаматтық қоғамның қалыптасуына қол жеткізу.Жан жағымызға көз салсақ,жоғымызды жоқтап, барымызды бағамдап жатқанымыз да ұлы Тәуелсіздіктің арқасы.
Еліміздің тәуелсіздің алуына жол ашқан алғашқы құжат «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация 1990 жылы қабылданды. Онда еліміздің тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланып,мемлекеттік қағидаттар бекітілді....
Сыбайлас жемқорлықпен күрес — өзекті мәселе
Сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген мемлекетінде кездеседі. Оның ішінде Қазақстанда да. Ол тек өзінің ауқымдылығымен, мөлшерімен, терең бой алғандығымен ерекшеленеді.
Біздің еліміздің саясатының басты негізінің бірі осы індетпен күрес болып табылады.
Жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу мақсатында тиісті Кодекстер, Заңдар, Жарлықтар т.б заңнамалық құжаттар қабылданып, қолданылуда. Себебі, осы келеңсіз құбылыс көбейіп барады. Бұл келешек ұрпаққа үлкен кері әсерін тигізеді. Осы індеттің...
Талдықорған қаласының кітапханашылары үздіктер қатарында
Республика күні қарсаңында ктіпапханашылар күні аталып өтуде.Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында 24-қазан «Кітапханашылар күні» мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.
Биыл кітапханашылар мерекесі алғаш осылай кең көлемде, мерекелік көңіл- күймен өтілді.
Күлпан Сейітжанова: «Біз үшін, менің кітапханам үшін ерекше күн, себебі "Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ -сі облыс кітапханалары арасында кітапхана ісін дамытуда қосқан үлесі үшін "Үздік кітапхана" номинациясының иегері болды. Жеңіс...
Ел дамуындағы тарихи күн
Тәуелсіз мемлекеттің барлық тыныс-тіршілігін, оның мемлекеттік құрылымын әлеуметтік, экономикалық дамуы мен саяси жүйесін қалыптастырған күн ретінде Республика күні ұлттық мереке ретінде тойланады. Осы жолда депутаттар құрамы тариха сында аянбай тер төкті.
Президенттік жүйе, Парламентаризм, сот билігі, одан да басқа қоғамдық қатынастарды реттейтін көптеген институттардың пайда болуын кеңестер одағы кезеңінен бастау алады деп келте жауап қайтаратындардың кездесіп қалады. Ал шындығына келетін...
Елдігімізді асқақтатқан егемендік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынған болатын. Мерекелер күнтізбесіне енген 25 қазан кездейсоқ таңдалынған жоқ. Еліміздің егемендігінің тамыры тереңде жатыр. Дәл сол күні 1990 жылы «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан құжат болатын. Осы орайда аталмыш мерекеге орай өңірімізде іс-шаралар жоспары мен медиа-жоспар бекітіліп, жұмыстар басталды.
Медиа-жоспарға сәйкес...
Пікірсайыс қозғалысы жұмысы жандануда
Өңірде пікірсайыс қозғалысын дамыту жобасы турасында баспасөз мәслихаты өтті. Спикерлер «Жас Ұрпақ» ЖҚБ үйлестірушісі Дархан Асқанбаев пен жобаның қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Гауфарья Ахметова жан-жақты баяндап берді.
Жалпы алғанда, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты «Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасы» ММ тапсырысымен «Жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту бойынша іс-шаралар кешенін дайындау және өткізу» басым бағыты бойынша «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық...





























