Сыбайлас жемқорлықпен күрес — өзекті мәселе

285

Сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген мемлекетінде кездеседі. Оның ішінде Қазақстанда да. Ол тек өзінің ауқымдылығымен, мөлшерімен, терең бой алғандығымен ерекшеленеді.

Біздің еліміздің саясатының басты негізінің бірі осы індетпен күрес болып табылады.

Жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу мақсатында тиісті Кодекстер, Заңдар, Жарлықтар т.б заңнамалық құжаттар қабылданып, қолданылуда. Себебі, осы келеңсіз құбылыс көбейіп барады. Бұл келешек ұрпаққа үлкен кері әсерін тигізеді. Осы індеттің қаншалықты қауіпті екені туралы ұстаздар, қызметкерлер, жастар, оқушылар арасында ұдайы ақпараттық-түсіндіру шаралары атқарылып тұрады.

«Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сурет салу арқылы, эссе жазу арқылы, видеослайдтар көрсету арқылы, рефераттар жазу арқылы т.б шаралар әрекеті арқасында жемқорлықтың қаншама зиян екені туралы ұжымға, қоғамға жеткізудеміз.

Құқық қорғау органдары тарапынан болсын, құзырлы мекемелер тарапынан болсын жемқорлыққа, парақорлыққа,қазына қаражатын иемденушілікке қарсы ұдайы іс-әрекеттер жасалғанымен бұл қоғамға жат әрекет азаймай, керісінше тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отыр.

Бұл кесел мемлекет таңдамайды, ол дамыған мемлекет па, дамушы мемлекет па өзінің нұқсанын келтіреді.

Сондықтан кез келген ортада, әр азамат жемқорлыққа қарсы күресте белсенділік танытуы қажет. Ғасыр тұлғасы ұлы Абайдың «Ұрпағыңызға асыл мұра ретінде арсыздықты әкелетін байлықты емес, тәрбие, білім, имандылықты қалдыр» деген дана сөзін ұмытпаған жөн. Жастарды жемқорлық індетінен аулақ болуға тәрбиелеуіміз керек. Бұл да жемқорлыққа қарсы жасалған іс-әрекеттің бірі деп білеміз. Балаларға, жастарға бұл жаман істің қаншалықты қауіпті екенін түсіндіру, жеткізу аға буынның міндеті. Келешек солардікі, ал олар таза, парақорсыз мемлекетте еңбек етіп, өмір сүруі керек.

Еліміздің болашағы жастардың қолында. Жас ұрпақ мәдениетті, білімді, отансүйгіш болса, парақорлық азаяды, біртіндеп жойылады деп сенеміз. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Онымен күресу баршамыздың міндетіміз.

С.Долаев, «Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» КММ директоры                                                

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз