Республика күніне орай Талдықорғандағы «Жастар» паркінің алаңында Мемлекеттік Ту көтеру салтанаты өтті.
Бұл саябақта 92 метрлік ту тұғырында Мемлекеттік Ту орнатылған. Салтанатты шараны музыкалық жағынан әскери оркестр сүйемелдеді.
Ту көтеру салтанатына облыс әкімі Бейбіт Исабаев, Талдықорған қаласы әкімі Ернат Бәзіл және мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, қоғам қайраткерлері, әскери қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар, қала тұрғындары қатысты.
Шара барысында Мемлекеттік Гимн шырқалып, Мемлекеттік Ту көтерілді. Ресми бөлігінен соң әртістер мен шығармашылық ұжымдар патриоттық әндер шырқады.
Республика күніне орай қала балабақшасы мен мектептерде,және арнаулы және жоғары оқу орындарында «Қыран елім-Қазақстан» атты тақырыппен көптеген шаралар өтті. Мәселен, балдырғандар мен оқушылар, білімгерлер арасында сынып сағаттары өтіп, онда Мемлекеттік Гимн айтылды. Шара барысында патриоттық әндер шырқалды.