Рухымыз биіктеп, елдігіміз нығая бергей!

299

Төрт құбыласын түгендей бастаған мемлекетіміздің іргелі елге айналуы халқының береке,бірлігінде. Ұрпақ алдындағы зор жауапкершілік-тәуелсіздігіміздің берік болашағын қамтамасыз етумен қатарқұқықтық,азаматтық қоғамның қалыптасуына қол жеткізу.Жан жағымызға көз салсақ,жоғымызды жоқтап, барымызды бағамдап жатқанымыз да ұлы Тәуелсіздіктің арқасы.

Еліміздің тәуелсіздің алуына жол ашқан алғашқы құжат «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация 1990 жылы қабылданды. Онда еліміздің тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланып,мемлекеттік қағидаттар бекітілді. Араға жылдар салып жас мемлекеттің буыны бекіп, қабырғасы қатая түсті. Қазіргі Қазақстанның зайырлы мемлекет ретінде халықаралық дәрежеде өз орны бар.Жалқаулық,енжарлық,жайбарақаттыққа салыну,кемшін істерге көз жұму нарықтық экономика заңдылығына кереғар әрекеттер.Сондықтан да рух туын биік ұстап, әр ісімізді елдің ырыс-құтының артуына жұмсауымыз міндет болып табылады. Осы орайда еңбек етіп,тер төгіп жүрген  азаматтар жетерлік. Республика күні қарсаңында Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл талдықорғандықтарды мерекемен құттықтап,ізгі ниетін білдірді. Сондай-ақ, қала халқының  демографиясына елеулі үлес қосып,жас буынды өсіріп,тәрбиелеп отырған аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табыстады. Салтанат сарайында өткен басқосу барысында жас мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдап, шаһарымыздың дамуына еңбек етіп жүрген бір топ азаматтарға «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаттар» табысталды. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі,ынтымағы жарасқан елдің ырысы мен табысы мол болмақ.Оны әр адам жүрегінің төрінде ұстауы тиіс.Күллі түркі халқының бағдаршамындай болған Ататүрік ұрпағына «Әлем бізді құрметтесін десек, өз ұлтымызды және ұлттық бейнемізді алдымен біздің өзіміз бар сезімімізбен,ақыл ойымызбен,іс-әрекетімізбен құрметтеуіміз керек. Өзінің ұлттық бейнесін таба алмаған ұлттардың басқа ұлттарға жем болатынын біліп қойғанымыз жөн»,-деген екен.Әдет-ғұрпымыз бен салт-дәсүрімізді дәріптей отырып,елдігімізді нығайта бергеніміз абзал.

Гүлжанат Нұршанова.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз