Тәуелсіз мемлекеттің барлық тыныс-тіршілігін, оның мемлекеттік құрылымын әлеуметтік, экономикалық дамуы мен саяси жүйесін қалыптастырған күн ретінде Республика күні ұлттық мереке ретінде тойланады. Осы жолда депутаттар құрамы тариха сында аянбай тер төкті.
Президенттік жүйе, Парламентаризм, сот билігі, одан да басқа қоғамдық қатынастарды реттейтін көптеген институттардың пайда болуын кеңестер одағы кезеңінен бастау алады деп келте жауап қайтаратындардың кездесіп қалады. Ал шындығына келетін болсақ, қазақ қоғамында да дала демократиясының ертеден бастау алатынын, ондағы мемлекетті құру, қалыптастыру, даму институттарының сол қоғамға, сол кезеңдерге сәйкес болғандығы туралы көбірек жас буынға айтуымыз керек.
Республика күні, 25 қазанда еліміз декларациясын жарияладық. Конституциямызды қабылдадық, ұлттық стратегиялық мүдделерімізді анықтай алдық. Сондықтан бұл құжаттың маңызы зор. Осынау айтулы ұлттық маңызы бар мерекемен баршаңызды құттықтаймын. Аспанымыз ашық, тыныштық пен бейбіт күн болсын!
Күлпан Сейітжанова,
Талдықорған қаласы орталықтандырылған
кітапханалар жүйесінің директоры