Маркетплейстердегі алаяқтық: қаскүнемдердің арбауына түсіп қалмаңыз
Қазіргі уақытта маркетплейстерде сауда-саттық жасау күнделікті іске айналды. Онлайн-шопингтің мұндай түрі ұнатқан затыңызды кез келген уақытта қиналмай сатып алуға мүмкіндік береді. Алайда, бұл жерде де қырағылық аса қажет, себебі алаяқтардың құрығына түсіп қалуыңыз әбден мүмкін.
Маркетплейстердегі алаяқтықтың кең тараған бес тәсілін және олардан қалайша қорғану жөнінде Fingramota.kz-пен қарастырып көрелік.
Маркетплейс «onlinemarketplace, online e-commercemarketplace» деген ағылшын сөздерінен шыққан және электрондық, виртуалды...
«Абай оқулары» әдеби сайысының жеңімпаздары анықталды
Дала данышпанының артында қалдырған мол мұрасын насихаттап, жас өрендерді Абай жырларымен сусындатуды мақсат еткен халықаралық шара осымен 3-ші рет өтті. Жыр бәйгесіне еліміздің түпкір-түпкірінен өтініш келіп түскен. Соның ішінде үздік деп танылған 3 зияткер оқушылары. Бірінші орынды 9 – сынып оқушылары Ақберен Болатхан мен Жәнібек Кенжебек иеленсе, Шырын Көзімбай II орын алды.
Сағындық Жұмаділ Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің драма...
Талдықорғандықтар тілдік байқаудың жеңімпазы атанды
Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жариялаған «Үздік бөлім басшысы» және «Бала тілі – бал» облыстық байқаулары өз мәресіне жетті.
Күні кеше Тіл сарайында өткен салтанатты шарада байқау жеңімпаздары анықталып, жүлдегерлер марапатталды.
Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен биылғы жылы тұңғыш рет өткізіліп отырған «Үздік бөлім басшысы» байқауына аудан, қала әкімдіктеріндегі тіл саясатын жүзеге асыруға жауапты 10 бөлім басшысы қатысып,...
Талдықорғанда 113 жаңа жұмыс орны ашылды
Биылғы жылдың 10 айында Талдықорған қаласында өнеркәсіп өнімін шығару көлемі 103,8 млрд.теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,8%-ға артқан. Бұл жөнінде қала әкімі Ернат Бәзіл БАҚ өкілдерімен жүздесуінде айтты.
Ағымдағы жылы элеватор жүн көрпе өндіру цехы іске қосылса, ал «Алмаз Керамикс» ЖШС-нің керамикалық плиталарды шығару зауытын кеңейту жүргізіліп, нәтижесінде 113 жаңа жұмыс орны ашылды.
Сонмен қатар, Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында...
Жетісулық жайдарманшылар шығармашыл жастардан құралған
«Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасы» ММ тапсырысы негізінде Жетісу облысында жүргізілетін «Жетісу жайдарман» шығармашыл жастар қозғалысы жобасы көптеген істерді қолға алған. Бұл туралы жоба үйлестірушісі Асқанбаев Дархан Сұңғатұлы Б.Құранбек атындағы журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихатында баяндады.
Дархан Сұңғатұлының айтуынша, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты «Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасы» ММ тапсырысымен «КТК ойындарын ұйымдастыру және өткізу»басым бағыты бойынша «Жас...
Жетісуда волонтерлік қозғалыс жандануда
Ағымдағы жылы Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы ММ-нің тапсырысымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕА ұйымдастыруымен «Аяулы алақан» қоғамдық қоры «Мейірімді Жетісу» волонтерлік фронт офис әлеуметтік жобасын қорытындылады. Бұл туралы жоба үйлестірушісі Байденов Жансерік Маратұлы БАҚ өкілдерімен кездесуде баяндады.
Бұл аталған әлеуметтік жобаның мақсаты - «Мейірімді Жетісу» волонтерлік фронт офисін қызметін ұйымдастыра отырып, өңірде волонтерлік қозғалысының инфрақұрылымын құру, азаматтық бастамаларды дамыту...
ТАҒАЙЫНДАУ
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Марлен Қапашұлы Көлбаев облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Марлен Қапашұлы 1976 жылы туған, білімі жоғары. «Жетісу» институтын экономика және менеджмент, Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын юриспруденция мамандықтары бойынша бітірді.
Еңбек жолын Ішкі істер басқармасы күзет бөлімінің полиция қызметкері болып бастаған. Біршама жыл «Жетісу» экономикалық институтында түрлі қызметтер атқарды.Кейін Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімінің бастығы, Талдықорған қаласы...
Признательность за добрые дела
Волонтеры Назарбаев Интеллектуальной школы города Талдыкорган стали лучшими в регионе.
Школа получила номинацию «Лучшая образовательная организация в сфере волонтерства» за социальный проект «Қамқор». Команде юных волонтеров был вручен диплом и денежный сертификат на сумму 100 тысяч тенге.
В Салтанат сарайы состоялось торжественное награждение номинантов премии области «Үздік волонтер». Лучшие волонтеры Жетысу получили свои заслуженные награды и признание. Мероприятие организовало общественное объединение...
Халық қалаулылары бизнестің өтінішіне құлақ аса ма?
Жетісу облысының кәсіпкерлері бөлшек салық мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету туралы мәселені бірнеше рет көтерді. Өкінішке қарай, мемлекеттік органдар өкілдерімен өткен жиындар нәтиже бермеді.
Еске салсақ, өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету мәселесі бірнеше рет көтерілген болатын. 2023 жылдың 20 наурызында қол қойылған заң жергілікті өкілді органдарға бөлшек салық мөлшерлемесін жартысына дейін төмендету құқығын берді. Содан кейін депутаттар...





























