Биылғы жылдың 10 айында Талдықорған қаласында өнеркәсіп өнімін шығару көлемі 103,8 млрд.теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,8%-ға артқан. Бұл жөнінде қала әкімі Ернат Бәзіл БАҚ өкілдерімен жүздесуінде айтты.
Ағымдағы жылы элеватор жүн көрпе өндіру цехы іске қосылса, ал «Алмаз Керамикс» ЖШС-нің керамикалық плиталарды шығару зауытын кеңейту жүргізіліп, нәтижесінде 113 жаңа жұмыс орны ашылды.
Сонмен қатар, Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында «ASMA Industrial» ЖШС стационарлық аккумуляторлық батареялар шығаратын зауытқа су құбыры мен электр желісі тартылды.
Бұдан бөлек, кей кәсіпорындар өнім өндірісін ұлғайтқан. Атап айтқанда, «Метакон» ЖШС 47,2% — ға «Темірбетон» ЖШС-14,0% — ға арттырып отыр.
Айта кетейік, ауыл шаруашылығында да жалпы өнім көлемі 25,1 млрд.теңгені құрады.