Жетісуда волонтерлік қозғалыс жандануда

366
Ағымдағы жылы Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы ММ-нің тапсырысымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕА ұйымдастыруымен «Аяулы алақан»  қоғамдық  қоры «Мейірімді Жетісу»  волонтерлік фронт офис әлеуметтік жобасын қорытындылады. Бұл туралы жоба үйлестірушісі Байденов Жансерік Маратұлы БАҚ өкілдерімен  кездесуде баяндады.

Бұл аталған әлеуметтік жобаның мақсаты — «Мейірімді Жетісу» волонтерлік фронт офисін қызметін ұйымдастыра отырып, өңірде волонтерлік қозғалысының инфрақұрылымын құру,  азаматтық бастамаларды дамыту және қолдау іс- шараларын   өткізуді көздейді.

Жетісу облысында волонтерлік қызмет бойынша  инфрақұрылымды дамыту және оған қатысушылардың әлеуетін арттыру мақсатында өнірлік волонтерлік ұйымдар қатарының тәлімгерлері мен еріктілері бірлескен орталығы ретінде «Мейірімді Жетісу» фронт офисі құрылған болатын. Сондай-ақ,  Жетісу облысы волонтерлік қозғалысының кеңесі құрылды.  Волонтерлік ұйымдардың  және  өңірлік 4836 волонтерлік дерекқоры  бар.

Өңір бойынша Талдықорған, Текелі қалалары, Алакөл, Ақсу, Сарқан, Көксу, Ескелді, Каратал, Панфилов, Кербұлақ аудандарының волонтерлік ұйымдарының жетекшілері мен еріктілер тұрғындармен көптеген жұмыстар жүргізп келеді. Олар  волонтерлік қозғалыстың  маңыздылығын және азаматтардың волонтерлік қозғалысқа жұмылдыру мақсатында ақпараттық насихаттау жұмыстарын атқарады.

«Мейірімді Жетісу»  фронт офисі негізінде өңірлік волонтерлік ұйымдарға консультациялық,  және әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру және жүргізу, мұқтаж адамдарға қолдау көрсету бойынша сенім телефоны, әлеуметтік парақшалары арқылы кеңес беру орталығы  болып саналады.

Волонтерліктің 8 бағытында шағын  әлеуметтік шағын гранттар байқауы ұйымдастырылды. Жетісу өңірінің ауылдық, аудандық, қалалық аймақтарындағы волонтерлік қызметті насихаттау мақсатында «Birgemiz» бастамасы шеңберінің негізгі Birgemiz: ayala , Birgemiz: asul mura,  Birgemiz: Bilim, Birgemiz: qamqor , Birgemiz: saylyq, Birgemiz  sabaqtastyq, Birgemiz: taza Alem, Birgemiz: umit бағыттарында өңірдегі тәлімгерлер пулы, волонтерлік корпусының тәлімгерлері мен еріктілерді жұмылдыра отырып өңірдің қалалары мен аудан орталықтарында әртүрлі форматта іс- шаралары өткізілуде.

Бұдан бөлек,  үздік волонтермен сұхбаттар жүргізу, волонтерлік қызмет жөнінде бейнесюжеттері түсірілді. Жетісу облысы «Үздік волонтер -2023» сыйлығы  10 номинация бойынша байқау түрінде өтті.

 Жуырда Салтанат  сарайында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының «Мейірімді Жетісу»  волонтерлік фронт офисі  әлеуметтік жобасын іске асыру аясында   облыс бойынша  волонтерлер форумы ұйымдастырған екен.  Форум мақсаты — Жетісу облысының волонтерлік қызмет саласындағы саясатын іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдары  мен волонтерлік ұйымдарының өзара іс-қимылының қамтамасыз етуге ықпал ету болып отыр. Форумға республикалық үздік топ  волонтерлік жетекшілері мен волонтерлер және өңіріміздің волонтерлік ұйымдары, жергілікті атқарушы органдары өкілдері қатысты.   Бұл басқосуда Жетісу облысының волонтерлік қызмет пен жергілікті атқарушы органдары  арасында байланысты нығайту,  еріктілер  ұйымдарының жетілдіру және жай-күйі мен перспективасы турасында сөз қозғалды.
Форум барысында   Жетісу облысы «Үздік волонтер» сыйлығын байқауының жеңімпаздары және өңірдегі  волонтерлік қозғалысын жетілдіруге үлес қосқан  жетекшілері Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің  және   Жетісу облысы  әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз