«Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасы» ММ тапсырысы негізінде Жетісу облысында жүргізілетін «Жетісу жайдарман» шығармашыл жастар қозғалысы жобасы көптеген істерді қолға алған. Бұл туралы жоба үйлестірушісі Асқанбаев Дархан Сұңғатұлы Б.Құранбек атындағы журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихатында баяндады.
Дархан Сұңғатұлының айтуынша, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты «Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасы» ММ тапсырысымен «КТК ойындарын ұйымдастыру және өткізу»басым бағыты бойынша «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі Жетісу облысында ««Жетісу Жайдарман» шығармашыл жастар қозғалысы өз жобасын іске асырып, ағымдағы жылы көптеген істерді атқарды. Мәселен, жоба барысында Жетісу облысының барлық аудан орталықтары мен 2 қалада «Жайдарманға апарар жол» оқыту семинарын ұйымдастыруға және іріктеу турнирлерін өткізуге мүмкіндік берді. Жалпы – 10 редактуралық жұмыс жүргізілді және Жетісу ашық лигасында 3 кезеңде «Жайдарман» турнирі ұйымдастырылды»,- дейді.
Айтар болсақ, облыс әкімінің кубогі үшін республикалық ойын өткізіліпті. Бұл жобаның мақсаты -жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру арқылы Жетісу облысының шығармашыл жайдарманшылар қозғалысын дамыту болып табылады.
Спикердің айтуынша, Жетісу облысының 8 аудан және 2 қаласында іріктеу турлары ұйымдастырылды. КТК (КВН) ойындарына орай облыстық фестиваль өтті. Жалпы алғанда, 21 команда қатысты. Тартысты өткен ойында жүлделі орын иегерлеріне қаржылай сертификат табысталды. «Үздік ойыншы» номинациясына да ақшалай сыйлық берілді.
Жетісу облысы әкімінің кубогы үшін «Жайдарлы Жетісу» КТК республикалық фестивалі өткізілді. Қазақстан Республикасының өңірлерінен жалпы 10 команда қатысты. Фестиваль жеңімпаздарын дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Республикамыздың әр аймағынан келіп, тамаша ойын өрнегін көрсеткен командаларды ынталандыру мақсатында орын алмаған командалар да қаржылай сыйлықты иеленді.
Алматы, Семей, Шымкент, Ескелді ауданы және Талдықорған қалалары ойыншылар ерекше көзге түсті. Олардың арасында: «Абырой» (Шымкент), «Эверест» (Алматы), «Алатау су» (Алматы), «Қабырғалар» (Алматы), «Энерго» (Алматы), «Созақбай» (Түркістан облысы), «Шатыр» (Семей), «Біздің қаламыздан», Қыздар ЕМС «(Семей),» Нар тәуекел «(Ескелді ауданы) және» Шапалақ»атты командалар қатысты.
Төрешілердің шешіміне сәйкес, 1 орында Семей қаласынан «Шатыр» құрамасы жеңіп алды. Оларға әкім кубогы мен 500 мың теңге тапсырылды. 2 орынды Талдықорғаннан «Шапалақ» командасы, ал 3 орынды жәнеТүркістан облысынан «Созақбай» командасы лайық деп табылды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық табысталды.