Жетісу облысы әкімінің өкімімен Марлен Қапашұлы Көлбаев облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Марлен Қапашұлы 1976 жылы туған, білімі жоғары. «Жетісу» институтын экономика және менеджмент, Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын юриспруденция мамандықтары бойынша бітірді.
Еңбек жолын Ішкі істер басқармасы күзет бөлімінің полиция қызметкері болып бастаған. Біршама жыл «Жетісу» экономикалық институтында түрлі қызметтер атқарды.Кейін Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімінің бастығы, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ агроөнеркәсіп кешені департаментінің бас менеджері, Талдықорған қалалық адами ресурстарды басқару департаментінің жобаларды басқарудың бас менеджері, «ЖетісуАгроСауда» ЖШС-ның Талдықорған аймағы бойынша бастығы, Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы, қала әкімінің орынбасары, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.
2022 жылдың тамыз айынан Көксу ауданының әкімі болды.
Бұған дей бұл қызметте болған Рустам Али басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыс әкімінің орынбасары лауазымынан босатылған.