Дала данышпанының артында қалдырған мол мұрасын насихаттап, жас өрендерді Абай жырларымен сусындатуды мақсат еткен халықаралық шара осымен 3-ші рет өтті. Жыр бәйгесіне еліміздің түпкір-түпкірінен өтініш келіп түскен. Соның ішінде үздік деп танылған 3 зияткер оқушылары. Бірінші орынды 9 – сынып оқушылары Ақберен Болатхан мен Жәнібек Кенжебек иеленсе, Шырын Көзімбай II орын алды.
Сағындық Жұмаділ Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің драма үйірмесінің жетекшісі:
«Бала тәрбиесі-баршаға ортақ!– деген қанатты сөз баяғыдан бағалы. Жас буынның Абай дүниесін, Абай шығармаларын оқып өсуі болашақ Қазақстан Республикасының азаматтарының елге деген Отанға деген сүйіспеншілігін арттырары сөзсіз.