«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау басталады
Құрметті, Жетісу облысының тұрғындары, 2024 жылдың 15 мамыр мен 15 маусым аралығында жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау басталады.
Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттауға, Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттауға бағытталған.
Конкурсқа мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ...
Наурыз тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
Биыл мамыр айынан бастап елімізде тағы бір жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бұл жайлы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайында жариялады. Бағдарламаның жүзеге асырушы - «Отбасы Банк». Ипотеканың талаптары мен ережелері туралы облыстық «Отбасы банкі» филиалының өкілдері Өңірлік коммункациялар қызметінде айтып берді.
Өтініштер «Баспана маркет» порталында сәуірдің 25-і мен маусымның 30-ы аралығында қабылданады. Бағдарламаға барлық қазақстандықтар...
Электр желілеріне қосылу тәртібі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі-Департамент)Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардың электр энергиясын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен және электр энергиясын пайдалану қағидаларымен (бұдан әрі – қағидалар) реттелетінің туралы хабарлайды.
Электр желісіне қосылу үшін көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда, тұтынушылар энергия беруші...
ЖОЛ КӨЛІК АПАТТАРЫ АЗАЙДЫ
Жетісу облысының республикалық маңыздағы жолдарында көлік апаттары азайып келеді. Мәселен, осы жылдың бірінші тоқсанында 21 жол көлік оқиғасы тіркелген. Өткен жылдың үш айлық кезеңімен салыстырғанда ол 25 пайызға аз,- дейді "Қазавтожол" АҚ ҰК облыстық филиалы директорының орынбасары Жасұлан Қалтаев. Көрсеткіштер кемігенімен күн жылынып, туристік маусым жақындап келеді. Сәйкесінше барыс-келіс көбейіп, жолға түсетін жүктеме артатыны анық. Сол кезде жол көлік...
Лотореялық ойындар ұйымдастыру заңмен қудаланады
Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті құқық қорғау органдарымен бірлесіп облыс аумағынан 6 жасырын заңсыз жерасты ойын мекемесін анықтады. Одан бөлек, «Қорғас» ХШЫО аумағында жезөкшелікпен айналысқан бір притонның жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел әкілі Ербол Құрманбаев бөлісті.
«Жерасты ойын мекемелері түнгі уақытта шектеулі адамдар үшін, атап айтқанда ҚХР азаматтары үшін...
Ардагерлер үйінің ауласына гүл шоқтары отырғызылды
Талдықорғанда «Таза Қазақстан», «Өнегелі ұрпақ» апталығының басталуына орай, бүгін «Таза қала Талдықорған» акциясы аясында Ардагерлер үйі ауласына 100-ге жуық гүл шоқтары отырғызылды.
#7su #km #тазақазақстан #өнегеліұрпақ
#тазақазақстан #тазақалаталдықорған #акция #сенбілік
«Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны өтеді
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында алғаш рет республикалық 10 телеарнаның тікелей эфирінде "Біз біргеміз" жалпыұлттық телемарафоны өтеді.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдеуінше, «Qazaqstan», «Хабар», «Jibek Joly», «Еуразия», «КТК», «31 арна», «Atameken Business», «Astana TV» және «7 арна» телеарнасында бес сағат тікелей эфирде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың, құтқарушылардың оқиғалары баяндалып, журналистердің репортаждары көрсетіледі.
Басты кейіпкерлер – құтқарушылар, дәрігерлер, әскери қызметкерлер, волонтерлер, полицейлер,...
Талдықорғанда би фестивалі өтті
Талдықорғанда «Халықаралық би» күніне орай, «Жастар» саябағында «Биле, Жетісу» атты би фестивалі өтті.
Салтанатты шара шымылдығын қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков ашып, қаламыздың би ұжымдарын айтулы мерекелерімен құттықтап, марапаттау рәсімімен жалғасты.
«Би — халқымыздың ежелден келе жатқан өнері. Өнердің бұл түрі зор шеберлікті, шыдамдылықты, сезімталдықты талап етеді. Осы ретте, әртүрлі ұлттар биін үйреніп, әсіресе, қазақ халқының би өнерін насихаттап, мәдениетіміздің дамуына...
ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мерекелік күндердегі жұмыс кестесі
ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мамыр айындағы жұмыс тәртібі өзгереді, себебі, қазақстандықтар бұл айда үш мемлекеттік мерекені атап өтеді. Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде мамандандырылған орталықтар 1, 7, 9 мамыр күндері жұмыс істемейді.
4 мамырда орталықтар кешкі сағат 18:00-ге дейін, кезекші орталықтар 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Ал, 8 мамыр күні тек кезекші ХҚКО-лар мен кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар ғана жұмыс істейді....
Ардагерлерге құрмет
«Талдықорған қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мәліметіне сүйене отырып хабарлаймыз. Мерекелерге орай ардагерлер мен олардың отбасыларына әлеуметтік төлемдер жасалған.
Бұл орайда, 2020 жылдың 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» №322-VІ Заңының негізінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне әлеуметтік көмектер көрсетіледі.
Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы «Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның...





























